Ұшқыш Марат Едігеевтің ерлігі туралы білесіз бе?

Әскери ұшқыш өзінің өмірін құрбан етіп, жүздеген адамды құтқарды

Админ

Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ӘҚК Әскери-әуе күштерінің әскери қызметшілері ұшқыш Марат Едігеевті еске алуға арналған ерлік сабағын өткізді. Ол биыл 56 жасқа толар еді, деп хабарлайды Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Астанадағы Кеңес Одағының бірінші Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжінің ұландары қатысты.

Әскери-әуе күштері жауынгерлік даярлық басқармасының аға инспектор-ұшқышы полковник Бауыржан Әміренов пен 19132 әскери бөлімі штаб бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жантас Түсіпов колледж тәрбиеленушілеріне өзінің әріптесі туралы әңгімелеп берді.

2013 жылы 23 сәуірде Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Марат Едігеев басқарған ұшақта қозғалтқыш істен шыққан болатын. Штурманға катапультацияға бұйрық беріп, өзі әуе кемесін елді мекеннен алыстау аймаққа алып кетті. Әскери ұшқыш өзінің өмірін құрбан етіп, жүздеген адамды құтқарды.

Бүгін ұландарға арнап Марат Едігеевке арналған ерлік сабағын өткіздік. Бізге жас ұрпақтың "өрмекші адамға" еліктегені емес,  өмірдегі нақты адамдарды үлгі тұтқаны маңызды. Марат Едігеев бәріне үлгі боларлық адам. Осы жігіттердің арасында ұшқыш болам дейтін жастар барына еш күмәнім жоқ, – деді полковник Б.Әміренов.

Ол уақыттың аздығы оқиғаға әсерін тигізгенін айтты. Алайда ұшақты елді мекенге құлатпай, тұрғындарды аман алып қалды.

19132 әскери бөлімі штаб бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник Жантас Түсіпов колледж тәрбиеленушілерін Қарулы күштердің Мемлекеттік әскери-тарихи музейіндегі батырға арналған жәдігерлерімен таныстырды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22