Еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" 17 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды

Админ
17 желтоқсанда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Түнде Түркістан облысының таулы аудандары мен тау бөктерінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Шымкентте түнде тұман болады деп болжанады.

Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қалың қар жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Атырауда күндіз қалың қар жауады, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі. Орал қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Петропавлда да оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Жетісу облысының Алакөл ауданы маңында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, түнде 25 м/с дейін жетеді. Облыстың орталығында, таулы аудандарында түнде 26 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде шығыстан 15-18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Күндіз Абай облысының оңтүстік-батысында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні - 15 м/с. Ақтауда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

__Последние новости

  • Тарих және тұлға

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

Кеше, 22:52
Админ
  • Басты назарда

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

Кеше, 22:25
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

23/12/2025 - 16:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

23/12/2025 - 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36