Қорғаныс министрінің кубогы: Астанада қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтіп жатыр

Астанада Қазақстан мен ТМД елдерінің ең мықты жекпе-жек шеберлері үздіктерді анықтауда

Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ТМД-ға мүше мемлекеттер достық армиялары арасындағы армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат пен Қазақстан Қорғаныс министрінің кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ауқымды жарыстардың ашылу салтанатына министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері қатысты. Қарулы күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық әскери оркестрінің сүйемелдеуімен төрешілер мен командалар сап түзеді.

Жарысқа қатысушыларды Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құттықтады. Ол спорттың бұл түрінің танымалдылығы артқанын атап өтті.

– Қоян-қолтық ұрыстың қарумен де, қарусыз да қарсыласқа қарсы тұра алатын әскери қызметшілердің дене шынықтыру бағдарламасына енгізілуі кездейсоқ емес. Ол жауынгердің бойында қарсыласқа қарсы тұрып, қорғануда және жекпе-жекте қажетті дағдыларды қалыптастырады. Бұл спорт адам бойында батылдық, өзіне деген сенімділік сияқты қасиеттерді дамытады. Жарысқа қатысушыларға табандылық пен жеңіске деген құлшыныс тілеймін. Кіл мықтының ішінде шын мықты анықталсын! – деді ол турнирдің ашылуында сөйлеген сөзінде.

ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубы ұйымдастырған жарысқа Беларусь, Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 180-нен аса спортшы қатысуда. Қорғаныс министрінің кубогына еліміздің күштік құрылымдарының 16 құрама командасы таласады. Ерлер сегіз салмақ дәрежесінде, әйелдер үш салмақ дәрежесінде күш сынаспақ.

Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров спортшыларға ақжол тіледі. 

– Достастық елдері әскери қызметшілерінің қатысуымен өтетін жарыстар оларға өздерін барынша сынауға және жауынгерлік мінезін көрсетуге молынан мүмкіндік береді. Баршаңызды жарыстың басталуымен құттықтаймын. Сіздерге тартысты жекпе-жектер мен сенімді жеңістер тілеймін, – деді Қарулы күштердің ардагері.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері жеке біріншілік және командалық есеп бойынша анықталады. Бұдан өзге ұйымдастыру комитеті «Үздік техника үшін» және «Жеңіске деген жігері үшін» номинацияларын да қарастырған.

Айта кету керек, армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достық армияларының XV спартакиадасы аясында өту үстінде.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22