Бітімгерлік операциялар орталығы гендерлік мәселелер бойынша курс өткізеді

Қарулы қақтығыстар болатын тұрақсыз аймақтарда ең осал санаттағылар – әйелдер мен балалар

ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығында «БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер» атты пилоттық курсы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Оқу бағдарламасын Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығының нұсқаушылары әзірледі. Қатысушыларға дәрістерді 2-сыныптың төтенше және өкілетті өкілі – Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымының бас кеңесшісі Мадина Жарбосынова, заң ғылымдарының PhD докторы Халида Әжіғұлова, «Қазақстанның қоғамдық құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» қоғамдық қорының президенті, ARASHA тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспана директоры Маргарита Өскембаева оқиды.

«Қарулы қақтығыстар болатын тұрақсыз аймақтарда ең осал санаттағылар – әйелдер мен балалар. Сондықтан әйелдердің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысуы өте маңызды. Олар мәселелерді бейбіт жолмен реттеуге, осы санаттағы азаматтардың құқықтарын қорғауға ықпал етеді. Бұл тұрғыда ұлттық контингентті гендерлік аспектіні ескере отырып дайындау өте маңызды», – деп атап өтті Бітімгерлік операциялар орталығы бастығының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Руслан Маерманов.

Пилоттық жобаға Қарулы күштердің, ҰҚК Шекара қызметінің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық ұлан және Бас прокуратураның әйелдеріне өткізеді. Тыңдаушылар бітімгерлік операцияларға қолданылатын халықаралық құқықтың негіздерімен, халықты қорғаудың құқықтық негіздерімен және тұжырымдамасымен танысады. Одан қарулы қақтығысқа байланысты зорлық-зомбылық тақырыптары да қарастырылады.

Сабақтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» 1325 (2000) қарарын іске асыру мәселелерінде тыңдаушылардың хабардарлығын арттырады. Жалпы бұл пилоттық жоба Қазақстандағы әйелдердің жағдайын жақсарту және ҚР Қарулы күштерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысуын кеңейту жөніндегі Ұлттық іс-қимыл жоспарының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Курсанттардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Кеше, 10:25
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

14/06/2025 - 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13