Еліміздің бірқатар өңірінде мектеп оқушылары ауа райына байланысты онлайн форматқа көшті

Астанада ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 22-24 градус аяз болады

Бүгін Астанада қатты аяз салдарынан бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Ауа райының нашарлауына байланысты 2023 жылдың 8 желтоқсанында бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», - деп хабарлады елорданың білім басқармасы.

«Қазгидромет» хабарлауынша, 8 желтоқсанда Астанада ауа температурасы түнде 26-28, күндіз 22-24 градус суық болады.

Сондай-ақ Павлодар облыстық білім басқармасы мектептерде сабақтардың тоқтатылатыны туралы хабарлады. Бүгін бірінші ауысымның 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан өтеді.

Абай облысының әкімдігі де Бородулиха ауданында бірінші ауысымда 1-11 сынып оқушылары, ал Бесқарағай ауданында 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшіріліп жатқанын хабарлады.

Сонымен қатар Қостанайда және Қостанай облысының бірқатар ауданында 8 желтоқсанда бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшірілетіні хабарланды. 

Айта кетейік, бүгін еліміздің батысын, шығысын, солтүстігі мен орталығында қатты аяз болады. Елдің қиыр солтүстігінде синоптиктер ауа температурасы 42 градус аязға дейін төмендейді деп болжап отыр.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19