Израиль ХАМАС жасырынып отырған туннельдерге теңіз суын толтыруды бастады

Туннельдер желісі 500 шақырымға созылады

Ануар Маратов

Израиль қорғаныс күштері (IDF) сәрсенбіде Газаның Жерорта теңізі жағалауында құбырлар салып жатқан ондаған сарбаздың суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі The Telegraph агенттігіне сілтеме жасап.

Осы арқылы туннельдерде жасырынып отырғандарды суға батырмақ. Осы аптаның басында Израиль қорғаныс армиясы 500 шақырымға созылатын туннельдер желісін суға батыруды қарастырып отырғаны және Аш-Шати босқындар лагерінен солтүстікке қарай 1,5 шақырым жерде бес сорғы орнатқаны туралы хабарланды.

Бұл сорғылар сағатына мыңдаған текше метр су құюға қауқарлы. Бірақ сарапшылар бұл қадам Газаның сумен қамтамасыз етуіне зиян тигізуі мүмкін екенін айтып, ескерту жасады.

Израиль Қорғаныс армиясы штабының бастығы генерал-лейтенант Херци Ха-Леви туннельдерге су құю идеясын қолдайтынын айтты.

Туннельдерді суға толтырудың кез-келген әрекеті ХАМАС кепілге алған 138 адамның да өміріне зиян келтірмек.

Су зерттеу институтының профессоры Эйлон Адар бұл әрекет Газа секторының сумен қамтамасыз етілуіне айтарлықтай зиян болуы мүмкін деді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19