ҰБТ-2023: білім грантына ұпай жетпесе, не істеу керек?

16 мамырда республика бойынша негізгі ҰБТ басталды. Оны 5 шілдеге дейін екі рет тапсыруға болады. Осылардың нәтижесі бойынша грантқа түсуге мүмкіндік бар. Негізгі ҰБТ басталғалы бері 169 мың реттен астам тестілеу тапсырылған. Шекті балды үміткерлердің 77 пайыздан астамы жинады. Негізгі ҰБТ әлі де жалғасуда. Аяқталуына 2 апта қалды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, ҰБТ басталғалы шекті балды 77 пайыздан астам талапкер жинаған. Орташа балл – 69. Ең жоғарғысы – 137, оны еліміз бойынша үш талапкер жинаған.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға төрт аптаның ішінде 486 талапкер қатысқан.

229 талапкер смартфон, шпаргалка және өзге де тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан 175 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылған. Бөгде тұлғалар анықталмаған. 

Оқуға түсу үшін қанша ұпай қажет?

Жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсу үшін кем дегенде 50 ұпай жинау керек. Ал ұлттық университеттерде шекті ұпайдың саны – 65. Ауыл шаруашылығы мен биоресурстар, ветеринария – 60 балл; Педагогикалық ғылымдар, құқық – 75 балл;

Сондай-ақ әрбір университет білім беру бағдарламалары бойынша өздігімен шекті ұпай санын қоя алады. Ал грантқа түсу үшін барынша көп ұпай жинау керек.

Грантқа ұпай жетпесе не істеу керек?

Биыл негізгі ҰБТ кезінде екі рет тест тапсыруға мүмкіндік бар. Екі куәліктің ішінен ең жоғары ұпайды алып, грант ұтып алу конкурсына қатысуға болады. Грантқа өтпей қалсаңыз, оқу орынның ақылы бөліміне түсе аласыз. Оған да шекті ұпай жетпей тұрса, тамыз айында ақылы тест тапсыруға болады. Бағасы – 4 230 теңге.

2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі жойылады.

Ұлас Үсенбай

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59