Сеул: Пхеньян ядролық қару қолданған жағдайда КХДР режимі құлдырайды

Бұл туралы Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі мәлім етті

Нұрдәулет Кәкіш

Оңтүстік Корея ядролық қаруды қолданған жағдайда Солтүстік Корея өз режимінің түбіне жететінін ескертті. Бұл туралы Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Оңтүстік Корея – Америка» альянсына қарсы Солтүстік Кореяның ядролық шабуылы болған жағдайда ол альянстың жедел және шешуші жауабына тап болады. Шабуылдың Солтүстік Корея режимінің түбіне жететінін тағы бір рет ескертеміз», - делінген Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Әскери бөлім Пхеньянның ядролық бағдарламасы мен зымырандық арандатулары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына қарсы шығу және заңсыз әрекет екенін атап өтті.

«Ядролық қауіп-қатер төндіруіне байланысты Солтүстік Кореяға «Оңтүстік Корея – Америка» альянсы ешқашан жеңілдік жасамайды және біз оларды оқшаулану мен кедейліктің белең ала түсетінін мойындауға және ядролық қарусыздану жолына тезірек түсуге шақырамыз», - деді Оңтүстік Корея Қорғаныс министрлігінен.

Бұған дейін КХДР Қорғаныс министрі Кан Сун АҚШ пен оның одақтастарын Корей түбегінде ядролық қаруды абайсызда қолданудан сақтандырып, Пхеньян өзінің ұлттық мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететінін алға тартқан.

«КХДР қарулы күштері АҚШ пен оның жақтастарының Корей түбегінде ядролық қаруды қолдану жөніндегі әрекеттеріне тойтарыс береді», - делінген министр Кан Сун КХДР мемлекеттік ақпарат агенттігінде жарияланған мәлімдемесінде.

Агенттік жариялаған ақпаратта Солтүстік Корея өзінің егемендігін, аумақтық тұтастығын және мемлекеттің негізгі мүдделерін қорғаудың маңызды миссиясын жауапкершілікпен орындайтыны аталған.

«АҚШ-тың атом сүңгуір қайығының кіруі аса қауіпті жағдайды білдіреді» - деген Кан Сун Нам.  

Оның айтуынша, КХДР маңында осындай америкалық сүңгуір қайықтың болуы Пхеньянның ядролық қаруды қолдану критерийлеріне сәйкес келуі мүмкін.

Бір күн бұрын Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Али Пусанға қонған АҚШ-тың USS Kentucky атом сүңгуір қайығына отырып, Солтүстік Кореяны ядролық арандатушылық жасамауға шақырғаны туралы хабарланған.

USS Kentucky-дің әкелінуі 1981 жылдан бергі АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға атом сүңгуір қайығының баллистикалық зымыранмен алғашқы сапары болып отыр.

КХДР сәрсенбі күні таңертең екі баллистикалық зымыранын ұшырса, өткен аптада КХДР құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырған болатын.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39