Қорғаныс министрлігі: Қарулы күштерге жаңартылған оқу-жауынгерлік ұшақтары жеткізілді

L-39 ұшағымен ұшу – мамандық негіздерін түсінудің алғашқы қадамы

Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің Балқаш қаласындағы оқу-авиациялық орталығына L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтарының кезекті легі келді. Бұл туралы Sarbaz.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысының шарты бойынша бұлар өткен жылдың соңында Чехияда шығарылған зауытқа жіберілген болатын. Ол жерде күрделі жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілген ұшақтарға жаңа цифрлық авионика, катапультация жүйесі, байланыс және объективті бақылау құралдары орнатылды.

«L-39 ұшақтары курсанттарды пилоттау техникасына, жауынгерлік қолдану элементтеріне, оқу орындары мен әскери бөлімдердің ұшу құрамын күндіз де, түнде де қарапайым және күрделі ауа-райы жағдайында жаттықтыруға арналған», - делінген ведомство хабарламасында.

Тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштар курсанттарға оқу-жауынгерлік ұшағын басқару машығын меңгеруге көмектесіп жатыр.

«L-39 ұшағымен ұшу – мамандық негіздерін түсінудің алғашқы қадамы. Әрбір курсант үшін дербес ұшу – маңызды оқиға, одан кейін қарапайым және күрделі пилотажға, бағыт бойынша, бұлттарда, төмен биіктікте ұшуға, құрлықтағы және әуедегі нысаналарға жауынгерлік қолдануға рұқсат етіледі», – деді оқу-авиациялық орталығы командирінің орынбасары подполковник Мақсат Буратаев.

L-39 реактивті жауынгерлік ұшағының кейбір модификациялары жеңіл шабуылдаушы ұшақтар мен жойғыштар ретінде пайдаланылуы мүмкін екенін айта кеткен жөн. Ұшақтың реактивті қозғалтқышы 6500 м биіктікте жылдамдығын сағатына 760 шақырымға дейін арттыра алады.

Жауынгерлік көліктің қару-жарақ құрамына бомбалаушы, басқарылмайтын және басқарылатын зымырандық оқу қаруы, көздеу және фотобақылау жабдықтары кіреді. Бұның бәрі нысананы 50-100 келі калибрлі еркін құлайтын оқ-дәрілермен бомбалауды, С-5 типтегі басқарылмайтын зымырандармен нысананы атуды, басқарылатын зымырандарды әуе нысаналарына жіберуді орындауға мүмкіндік береді.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Ерен туған ер Мәлік» атты патриоттық кеш

Кеше, 16:25
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19