Шет мемлекеттерге қанша сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге болады?

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеме жасады

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті шет мемлекеттерге қандай сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге болатыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомствоның хабарлауынша Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 343-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер ЕАЭО кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма-қол ақша қаражатының және (немесе) жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма-қол ақша қаражаты және (немесе) жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

Алайда, елдің ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығы қолданыста. Онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма-қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.

«Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі №124 шешіміне сәйкес, 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер, аталған тұлғалармен бірге жүретін тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларацияда көрсетіледі.

Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне (оның ішінде 16 жасқа толмаған балалар да бар) 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма-қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі», - делінген ведмоство хабарламасында.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55