Павлодар облысында дала өртінен 70-тен астам ұсақ мал жанып кетті

Өңір әкімі оларға көмек көрсетілетінін мәлім етті

Павлодар облысында дала өртінен Әлкей Марғұлан ауылында 73 бас ұсақ мал жанып кетті. Бұл туралы өңір әкімі Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Кеше дала өрттері болған Баянауыл, Май аудандары және Екібастұздың ауылдық аймақтарына бардым. Шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесіп, мәселелерді шешу жолын бірлесіп талқыладық», - деп жазады облыс әкімі Асайын Байханов өзінің Іnstagram парақшасында.

Әкімнің мәліметіне сай, шаруаларға 4 бағытта көмек көрсетіледі:

шабындық үшін арзандатылған дизель отынының көлемі 4 мың тоннадан 10 мың тоннаға дейін артады жемшөп дайындау үшін субсидия көлемі бір бас ІҚМ үшін 7 мыңнан 15 мың теңгеге дейін және ұсақ мал үшін 3 мыңнан 5 мың теңгеге дейін артады мұқтаж фермерлерге қор санаты, мемлекеттік орман қоры және жайылма учаскелерінде шөп дайындауға мүмкіндік береміз; дәнді дақыл жинау кезінде сабан дайындауды қарастыратын боламыз, жинауға мүмкіндік болатындай, сабан ұсақталмай егістіктерде қалдырылады.

«Сондай-ақ, өрт салдарынан 73 бас ұсақ мал (50 ешкі және 23 қой) жанып кеткен Әлкей Марғұлан ауылының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу үшін өңірдің ірі кәсіпорындарымен материалдық қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, жазғы үйі мен малға арналған қоршауы зардап шеккен екі шаруашылыққа да дәл осындай көмек көрсетіледі», - деп мәлім етті Асайын Байханов.

__Последние новости

  • Басты назарда

Курсанттардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр

Бүгін, 10:25
Админ
  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

Кеше, 10:52
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13