Орман өрті: Қарағанды облысында 150 гектар жер күлге айналды

Өрт сөндіруге 139 адам мен 20 техника жұмылдырылды

Қарағанды облысында Шет ауданының Талды ауылдық округіне қарасты тау жотасының аумағында табиғи өртті сөндіру жұмыстары жүріп жаты. Бұл туралы Sarbaz.kz Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, өрт «Ақтоғай орман қорғау» КММ 4 орамындағы орман шетіне жайылып барады. Өртенген аумақ алдын ала мәлімет бойынша 150 гектарды құрап отыр. Оның 120-130 гектар аумағы сөндірілді. 20-30 гектар аумақта өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Өрт болып жатқан жерде қураған ағаштар көп, таулы жерлер жүрісті қиындатып отыр, өрт ошақтарының бөлшектеніп жатуы мен су көздерінің алыстығы да кедергі. Өрт болып жатқан жаққа баратын жол жоқ, жел де құбылып тұр. Осының барлығы жұмысты қиындатып отыр.

Соған қарамастан өрттің жиектері сөндірілді, ашық жанып жатқан жер жоқ. Кей жерлерде ғана түтін бықсып жатыр.

Өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның су төгу құрылғысы бар тікұшағы жұмылдырылды, ол өрт ошақтарына көлемі 72 тонна болатын суды 24 рет төкті.

Өртті сөндіруге жалпы Төтенше жағдайлар департаментінен, Ақтоғай орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығынан, Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығынан, ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінен және жергілікті атқарушы органдардан барлығы 139 адам мен 20 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, өткен тәулікте Қарағанды облысының ТЖД мен ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің күшімен 3 дала өрті сөндірілді.

Осакаров ауданына қарсты Озерное ауылдық округінде Озерное ауылынан солтүстік-батысқа қарай 4 шақырым жерде 10 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.

Бұқар-Жырау ауданындағы Көкпекті ауылдық округінде Көкпекті ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде 5 гектар аумақта құрғақ шөптің жанды.

«Бұқар-Жырау ауданы Ботақара ауылдық округінде Ботақара ауылынан солтүстік-батысқа қарай 15 км жерде 5 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.

«Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады. Өрт қауіпті кезеңде құрғақ шөптер мен қоқыстарды ашық жерде, ғимараттардың жанында жағуға, қалың тоғайларда, ағаштардың түбінде от жағуға, далада құрғақ шөптерді жағуға тыйым салынады. Сөндірілмеген сіріңке мен темекіні тастамаңыздар. Отпен абай болыңыздар!»,-делінген өңірлік ТЖД ескертуінде», - деп жазады ведомство.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59