Қарағандыда «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісі қылмыстық топты ұстады

Олар ақша бопсалаумен айналысқан

Қарағандылық полицейлер ақша бопсалаған қылмыстық топты құрықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне белгісіз тұлғалар жастары 18 бен 20 аралығындағы үш азаматтан ақша мен мүлік бопсалады деген ақпарат түсті.

Күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы 27 және 57 мың теңге шағын несие рәсімдетіп, сонымен қатар 850 мың теңгеге тауарлық несие алдырып, кейін несиеге алынған телефонды өздері тартып алған.

Аталған дерек бойынша полицияда Қазақстан Республикасы ҚК-нің 194-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлінісі қызметкерлерінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде осы іске қатысы бар деген күдікпен 18 бен 20 жас аралығындағы үш азамат ұсталды. Ұсталғандардан айғақ заттар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктілердің бірінен тапанша алынды. Күдіктілердің екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02