Ш.Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери колледжіне қабылдау жүріп жатыр

Колледжді бітірген түлек әскери мамандық алып, 100 пайыз кепілдікпен жұмысқа орналаса алады

Колледжге түскісі келетіндердің жасы 17-ге толған және 22 жастан аспаған болуы шарт, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Щучинск қаласының Шоқан Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі еліміздің Қарулы күштеріне кәсіби сержанттар дайындайды.

1996 жылдан бастап білім ордасы 4000-ның үстінде кәсіби сержант дайындады. Бүгінде олар елдің Қарулы күштері мен басқа да күштік құрылымдарында табысты қызмет етіп жүр. Жыл сайын орта есеппен бір жарым мың азамат колледжге түсуге үміткер атанады екен. 

Оқу мерзімі – бір жыл он ай. Колледжге түскісі келетіндердің жасы 17-ге толған және 22 жастан аспаған болуы керек. Мерзімді әскери қызметін өткергендер мен келісімшарт бойынша қызмет еткен әскери қызметшілер 24 жасқа дейін оқуға қабылданады.

Мұнда оқуға түсу кезінде аттестаттың орташа балы ескеріледі. Ол кемінде үш балл болуы тиіс. ҰБТ нәтижелері қажет емес. Сондай-ақ медициналық тексеруден өту, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді, психологиялық тестілеуді тапсыру қажет. Колледжді бітірген түлек әскери мамандық алып, 100 пайыз кепілдікпен жұмысқа орналаса алады.

Әскери колледжде білім алуға барлық жағдай жасалған, оқытушылар құрамының да білім деңгейі жоғары. Бұл оқу орнында білім алу тегін, курсанттар тұратын орынмен, тамақ және заттай мүлікпен қамтамасыз етілген.

Болашақ сержанттар оқытудың барлық кезеңінде мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілетін болады. Әлеуметтік пакетке ақшалай қаражат, киім-кешек, күніне үш рет тамақтану, тегін медициналық көмек және жатақханада тұру кіреді.

Дипломнан басқа курсанттар жаяу әскердің үшінші дәрежелі жауынгерлік машинасының механигі, «В» және «С» санатындағы автомобиль жүргізушісінің куәлігін алады.

Оқу процесінде әрбір кадетпен Қарулы күштерде сержанттық құрам лауазымдарында әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалады. Кадеттер әскери бөлімдерге Қарулы күштердің бас сержантына дейін карьералық өсу перспективасымен бөлімше командирлері лауазымдарына жіберіледі.

Әскери қызметті жаңа бастаған сержанттар қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етіледі немесе тұрғын үйді жалға алу, не сатып алу үшін ай сайынғы тұрғын үй төлемдерін пайдалана алады. Сонымен қатар, олар 45 жасында зейнетке шығып, ал зейнетақы соңғы атқарған лауазымы бойынша ақшалай үлесінің 50% мөлшерінде төленеді.

Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледжге түсу үшін тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына өтініш білдіруі керек.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59