Максим Галкин: Мен евреймін, израильдік болғанымды мақтан тұтамын

Ресейден шыққан белгілі әзілкеш Максим Галкин израильдіктердің береке-бірлігі туралы пікір білдірді

Ресейден шыққан белгілі әзілкеш Максим Галкин израильдіктердің береке-бірлігі туралы пікір білдірді. Ол анасы жағынан еврей екенін, израильдік болғанын мақтан тұтатынын, бұл елді тастап ешқайда кетпейтінін айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс туралы әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларға желі қолданушылар тарапынан бір жарым жылдан бері Израильде тұрып жатқан ресейлік Максим Галкин мен Алла Пугачева туралы келеке ету пікірлері көптеп жазылды.

«Максим, сіздің келесі Отаныңыз қай ел? Ресейден қашқан Максим Галкин мен Алла Пугачева енді қай елге қашады екен?» - деп жазды желі қолданушылары.

Бұл ретте Максим Галкин өзінің инстаграмдағы аккаунтында желі қолданушыларға үндеу жолдады.

«Қазір Израильде біз тұрып жатқан ауданда жағдай біраз тынышталды. Бұған дейін бірнеше күн бойы дабыл қағылған болатын. Мен бұл видеоны кейбір нәрселерді түсіндіру үшін, кейбір қауөсет сөздерге жауап ретінде жазып отырмын. Бұл мен үшін маңызды. Боттармен, әртүрлі жаман пікірлер жазатын ызақор, білімсіз адамдармен дауласқым келмейді. Менің мақсатым бұл емес.

Бұл жазбаны ресейліктерге жауап ретінде қабылдаса, жан-жақты ақпарат жариялайтын блогерлер қателеседі. Мен оларға жауап бермеймін. Тіпті оларды ресейліктермен және Ресеймен салыстырмаймын да. Қанша жерден пропаганда жүрсе де, қазіргі таңда белгілі бір аз бөлігі ғана болмаса, ресейліктерді агрессивті, долы адамдар деп есептемеймін. Ресейдің бет-жүзі басқаша болуы үшін сол жолда күрес жүргіземін. Ресейліктердің көпшілігі үнсіз жүр. Олардың қай жерде қатыгездік пен мейірімділіктің бар екенін түйсінетіндерін сеземін. Олар шындықты біледі. Сондықтан бұл сөздерім ресейліктерге берген жауабым емес. Бұл Ресейдегі, Израильдегі және басқа да елдердегі, жалпы әлемдегі барлық жарқын жүзді адамдарға қаратылған әңгіме», - деді Максим Галкин бейнежазбада.

Сонымен қатар ол Ресейден не үшін кеткенін, Израильді не үшін таңдағаны туралы айтты.

«Бір жарым жылдан аса уақыт бұрын біз отбасымызбен Ресейден кеттік. Біздің бұл қадамымызды қанша жерден қашқындыққа баласа да, бұл шындыққа жанаспайды. Қашатындар қауіп-қатерден қашады. 2022 жылдың ақпан айында Ресейге де, бізге де еш қауіп төнген жоқ. Біз не үшін кеттік? Оны түсіндіріп жатпаймын, ақылдылар онсыз да жақсы біледі, ал жындыларға айттың не, айтпадың не, бәрібір оның түк пайдасы жоқ. Израильге келдік. Бұл да ерікті таңдау болды.

Біз көп уақыттан бері Еуропа Одағының азаматтарымыз. Бізде еуропалық паспорттар бар. 27 өркениетті еуропалық елдің кез келген жерінде тұруға мүмкіндігіміз бар. Оған еш қиындық жоқ. Ертең-ақ кете аламыз. Бірақ біз Израильді таңдадық. Өйткені мен бұл елді өте жақсы көремін. Өйткені маған бұл жер тыныштық сыйлайды. Өйткені біз Алла (Пугачева – ред.) екеуміз мұнда да Ресейдегідей өзімізді бөтен сезінбейміз. Мен анам жағынан евреймін. Бұл – менің жанымның бір бөлшегі. Сондықтан біз Израильді таңдадық. Осы үшін бірде-бір минут өкінген емеспіз. Қазіргі Израиль үшін сындарлы сәтте біз осындамыз. Тіпті бір жаққа кету туралы да ештеңе ойластырған жоқпыз. Басқа жаққа ұшып кетуге мүмкіндігіміз бар. Кейбір авиа компаниялар, әуежайлар тәуекелге бел буып жұмысын жүргізіп жатыр. Бірақ біз ешқайда ұшпаймыз. Біз Алла (Пугачева – ред.) екеуміз балаларымызбен бірге осы қиын сәттерде Израиль халқына қолдау көрсеткіміз келеді», - деді ол.

Галкиннің айтуынша, Израильде Отанға деген сүйіспеншілікте еш жасандылық жоқ.

«Қазір біз осындай береке-бірлігі мықты ұлтқа қатысымыз болғанына мақтанамыз. Мұнда жоғарғы жақтан бастап Отанға деген сүйіспеншілік жасанды емес, патриотизм мұнда әр адамның, миллиондаған израильдіктің жүрегінде тұнып тұр. Қазір сіздер жаңалықтардан Израиль әуежайларының адамдарға толы екенін көріп отырған шығарсыздар. Ол рас. Олар – өз елдеріне қайтып жатқан шетелдік туристер. Оларды түсінуге болады. Алайда израильдіктер елден кетіп жатқан жоқ, ешқайда қашып жатқан жоқ. Қайта израильдіктер әлемнің түкпір-түкпірінен елге қайтып келіп жатыр. Халықпен бірге болу үшін, қолдарына қару алып, елді қорғау үшін келіп жатыр. Маған «неге майдан даласында ел қорғамайсың?» дейтіндерге айтарым, мен бұған дейін Израильдің әскер қатарында болсам, аз да болсын қатысым болса, баратын едім. Бірақ менің елге басқаша қолдау көрсетуге мүмкіндігім бар. Мен қан тапсыруға, қолдан келгенше көмектесуге барамын. Алла (Пугачева) екеуміздің қиын кезде осында болғанымыз да мұндағы орыс тілінде сөйлейтін израильдіктер үшін зор қолдау деп ойлаймын», - деді Галкин.

Сонымен қатар Максим Галкин балаларының иврит тілінде білім алып жатқанын, өзінің иврит тілін үйреніп жүргенін атап өтті.

«Біз мұнда паспорт алу үшін келген жоқпыз. Мен балаларымыздың осында болғанын қаладым. Мұнда келе сала, балаларымызды иврит тілінде білім беретін мектепке бердік. Оларды осындағы америкалық-дипломатиялық мектепке беруге де мүмкіндігіміз бар еді. Бірақ ол жерде иврит тілін күніне бір сағат қана оқытады. Ал мен Гарик пен Лиза (балалары) израильдіктер ретінде иврит тілінде сөйлей алғандарын қаладым. Ол үшін толыққанды оқытудан бастау керек. Мен өзім де иврит тілін үйреніп жүрмін», - деді ол.

Оның сөзінше, Израильде әр адам майданға баруға талпынады, қатардағы қарапайым адамдар мен жоғары лауазымды тұлғалардың балаларының еш айырмашылығы жоқ.

«Өзін қорғау үшін біртұтас ел ретінде бірлігін көрсете білген осындай шағын ғана елді қалай мақтан тұтатынымды білесіз бе? Мұнда әр адам майданға баруға талпынады. Бұл жерде қатардағы қарапайым адамдар мен жоғары лауазымды тұлғалардың балаларының еш айырмашылығы жоқ. Резервтегілердің арасында Израильдің бұрынғы премьер-министрі де болды. Террористермен атыс кезінде бұрынғы министрдің баласының қаза болғаны белгілі болды. Қарапайым адамдармен бірге ол да соғысты. Міне, бұл дегеніміз – патриотизм. Мен израильдік болғанымды мақтан тұтамын. «Мен ресейлікпін» деп мақтанатын кездің де келетініне сенімдімін. Әрине, қазір Ресейде моральдік этика бойынша өтпелі кезең жүріп жатыр. Ештеңе етпес, басқа кезеңге де жетерміз», - деді Галкин.

Сондай-ақ ол жұртшылықты бір-бірін құрметтеуге, әлеуметтік желілердегі жағымсыз пікірлерге мән бермеуге шақырды.

«Құрметті желі қолданушылары! Бір-біріңізге құрметпен қараңыздар. Жағымсыз пікір жазатын ызақор адамдардың сөзіне мән бермеңіздер. Израильді қазір бүкіл әлем елдері қолдап жатыр. Қазіргі уақытта көптеген БАҚ Израильді басқыншы ел деп айыптап жазып жатады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Израиль жеңеді деп сенемін. Біз де ешқайда кетпейміз», - деген Максим Галкин сөзін иврит тілінде түйіндеді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53