Елімізде құтқарушылар жыл басынан бері 7 мыңға жуық адамды құтқарып қалды

2 500-ден астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді

ТЖМ-де министрліктің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы қызметінің қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алқа отырысын аша отырып, Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов  соңғы жыл күрделі болғанын, бірақ министрлік барлық қойылған міндеттердің орындалғанын атап өтті.

Сонымен қатар, министр Мемлекет басшысының ТЖ санын азайту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру бойынша бірқатар міндеттер қойғанын хабарлады.

«2023 жылдың өткен кезеңінде қабылданған шаралар нәтижесінде ел бойынша ТЖ-да зардап шеккендердің саны 13,3%-ға, қаза тапқандар саны 8,4%-ға қысқарды», - деп Сырым Шәріпханов хабарлады.

Сонымен қатар «ТЖМ бөлімшелері 2023 жылдың бірінші жартжылдығында 42 мыңнан астам рет төтенше жағдайлар орнына шықты, 7 мыңға жуық адамды құтқарды, 7 мыңнан адамды эвакуациялады, 2 500-ден астам азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп Сырым Шәріпханов қосты.

Табиғи және техногендік сипаттағы аса ірі төтенше жағдайларды жою көршілес өңірлерден топтарды тартуды талап етті, бұл күрделі жағдайларда залал мен шығынды барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Сырым Шәріпханов ТЖ алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жоспарлы негізде жалғасып жатқанын атап өтіп, министрлік қызметінің таяудағы кезеңде ауқымды және мақсатты жұмыс жүргізілетін негізгі басым бағыттарын айқындады.

Алқа отырысының бірінші бөлігінде бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев азаматтық қорғау органдарының атқарған жұмысы туралы баяндама жасады.

Алқа отырысының бірінші бөлігінің қорытындысын шығара келе, Роман Скляр ұжымға атқарылған күрделі жұмыстары үшін алғысын білдіріп, жүйелі шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар, алдын алу шараларын қабылдау, ТЖ барлық түрлеріне ден қоюды күшейту, жылыту және су тасқыны маусымдарына алдын ала дайындық үшін ТЖМ үйлестіруші рөлін нығайту қажеттігі атап өтілді.

Алқа барысында өрт қауіпті кезеңнен өту, азаматтық қорғаныс іс-шаралары, республикадағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайы, қызметтік-әскери тәртіп мәселелері жөніндегі өңірлік департаменттердің бастықтары да тыңдалды.

Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы бастығының міндетін атқарушы Қуанышбек Карменов ТЖМ қатардағы қызметкерден басшылық құрамға дейін оқу орнының кадрларды даярлау мәселелері бойынша ақпаратты жеткізді.

Алқа аясында қызметтің өзекті бағыттары бойынша жұмыс кеңестері де өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59