Венесуэла президенті Израильді палестиналықтарға геноцид жасады деп айыптады

Венесуэла президенті бүкіл әлемдегі христиандарды, мұсылмандарды израильдіктерден атысты тоқтатуды, БҰҰ шешімдерін құрметтеуді, халықтардың құқықтарын құрметтеуді, бейбіт келіссөздерді дереу бастауды талап етуге шақырды

Нұрдәулет Кәкіш

Венесуэла президенті Николас Мадуро Палестина халқына геноцид жасады деп Израильді айыптап, бейбіт келіссөздерді дереу бастауға және Палестинаның аумақтық құқықтарына кепілдік беретін БҰҰ қарарларын орындауға шақырды. Венесуэла басшысы бұл туралы Venezolana de Televisión мемлекеттік телеарнасының «Мадуромен +» авторлық бағдарламасының тікелей эфирінде сөз айтты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

«Әлем Газа секторының халқына қарсы геноцидке, Палестина халқына қарсы геноцидке «жоқ» деп айтуы керек», - деді Мадуро палестиналық отбасылар тұратын үйлерді Израильдің үнемі бомбалайтынын тілге тиек етіп.

Ол Израильдің Газа секторындағы жалпы блокадасын айыптады.

«Миллиондаған адамдар ондаған жылдар бойы бомбалауға, шабуылға, азаптауға және қудалауға ұшырады. Халықаралық бұқаралық ақпарат құралдары мен Халықаралық қоғамдық пікір Палестина халқына қарсы жасалған қылмыстарды жасырып, бүгіп қалады», - деп атап өтті Мадуро.

Мадуро Венесуэла атысты тоқтатуды, бейбіт келіссөздерді және Палестинаның тарихи құқықтарын қалпына келтіру туралы келісімді жақтайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар ол Біріккен Ұлттар Ұйымы 1967 жылы Палестина мен Израильді құру туралы міндетті қарар қабылдағанын еске салып, алайда БҰҰ қарарын Израильдің барлық үкіметтері бұзғанын айтып өтті.

«Мен бүкіл әлемдегі христиандарды, мұсылмандарды, менің мұсылман бауырларымды, бүкіл әлемдегі Израиль халқын БҰҰ қарарларын орындауды, атысты тоқтатуды, БҰҰ шешімдерін құрметтеуді, халықтардың құқықтарын құрметтеуді, Палестина халқының тәуелсіздікке, территорияға, бейбітшілікке тарихи құқықтарын қалпына келтіру үшін бейбіт келіссөздерді дереу бастауды талап етуге шақырамын», - деді Мадуро.

Венесуэла президентінің пікірінгше, АҚШ пен Еуропа аймақтық соғыстан дүниежүзілік соғысқа айналу қаупі бар бұл қақтығысты тоқтата алады, бірақ олар отқа май құйып, БАҚ пен әлеуметтік желілерде Палестина халқының геноцидін ақтауға және соғыстың бүкіл аймаққа таралуына жағдай жасап отыр.

Мадуро Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету бастамасын қолдап, оған қосылатынын айтты. Ол сондай-ақ Ердоған Израиль мен Палестина арасындағы қарулы қақтығысты шешуге делдал бола алады деп санайтынын жеткізді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39