Гуманитарлық көмек: Қазақстан шыққан ұшақ Ауғанстанның Герат әуежайына қонды

Штаб мүшесі Қазақстан Иран мен Түркиядан кейін үшінші болып көмек жеткізгенін айтады

Қазақстан халқының атынан Ауғанстанның батысындағы зілзаладан зардап шеккен халыққа гуманитарлық көмектің алғашқы легін жеткізген арнайы ұшақ Герат әуежайына қонды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гуманитарлық жүкті Ауғанстан азаматтық әуежайлар департаментінің бас директоры – зілзала салдарымен күрес штабының мүшесі Гаврал Абдул Салтанат бастаған топ қабылдап алды. Штаб мүшесі Қазақстан Иран мен Түркиядан кейін үшінші болып көмек жеткізгенін айтады.

«Біріншіден, осынау қиын күнде көмек қолын соған дос пейілді Қазақстанның халқына, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға алғыс айтамыз. Жүкті қабылдап алғаннан кейін арнайы комиссия оны қайда жөнелтетінін кеңесіп шешеді. Қазір қайтыс болған адамдарды жерлеп, зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіп үлгердік. Тағы зардап шеккендер анықталса, оған да дайын отырмыз. Өйткені, бүгін сағат 5.00 кезінде қазақстандық құтқарушылар жұмыс істеп жатқан аумақта тағы жер сілкінді. Тағы да Қазақстан халқына осындай қиын кезде көмек жіберіп жатқаны үшін алғыс айтамыз», - дейді штаб өкілі.

Айта кетейік, 7 қазан күні Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы 6,3 балдық жер сілкінісінен 2053 адам қаза тауып, 9 мыңнан астам адам жарақат алған.

__Последние новости

  • Басты назарда

«Жеңіс тарихы» атты іс-шара

03/04/2025 - 13:09
  • Басты назарда

Сарбаз, әскери антқа адал бол!

02/04/2025 - 15:43
  • Басты назарда

Жеңіс шеруіне дайындық

02/04/2025 - 09:07
  • Басты назарда

Ағаш өңдеу кәсібін игеріп шығады

01/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Жаңару күндері табиғат та жаңғырды

31/03/2025 - 12:36
  • Басты назарда

Ұлыстың ұлы күні ұлықталды

30/03/2025 - 16:38
  • Басты назарда

Күн мен түннің теңелуін тойлады

30/03/2025 - 12:34
  • Басты назарда

«Әке көрген оқ жонар»

27/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

ҚАРТТАР ҮЙІНДЕГІ ҚАЙЫРЫМДЫ ШАРА

26/03/2025 - 10:14
  • Басты назарда

Меморандумға қол қойылды

25/03/2025 - 11:09
  • Басты назарда

«Отанды қорғау – қасиетті борыш»

24/03/2025 - 14:06
  • Басты назарда

ШАТТЫҚҚА ТОЛЫ ШАҢЫРАҚ

24/03/2025 - 10:03
  • Басты назарда

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДЫ ҰЛЫҚТАУ

23/03/2025 - 15:55