Қазақстанда әскерге барған 180-нен аса адам ЖОО-да тегін оқып жүр

400-ден аса ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсті

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқу орталықтарында әскери қызметшілерге мемлекеттік үлгідегі куәліктерді бере отырып, әскери-есептік мамандықтар бойынша даярлық жүргізілуде. Ерекшеліктерін ескере отырып, олар экономиканың нақты секторында қажетті мамандар болып саналады. Елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ғани Артықов әскерге барғандардың ЖОО-да тегін оқуы бойынша мәлімет берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің 70-тен аса мекемелері Қорғаныс министрлігімен мерзімді әскери қызмет өткерген адамдарға білім беру секторында қосымша жеңілдіктерді ұсыну жөнінде келісімге қол қойды. Бүгінгі таңда әскерде қызмет өткерген 180-нен аса қазақстандық ақысыз негізде, 400-ден аса ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсті», - дейді ол.

Сөзін жалғай отырып, Қорғаныс ведомствосы тұрақты негізде мерзімді қызметтің әскери қызметшілері арасында, олардың келісімшарт бойынша әскери қызметке түсулері бойынша кәсіби үгіт-насихаттық жұмысты жүргізетінін, осылайша азаматтарды еңбекпен қамту мәселесі шешіліп жатқанын айтып өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02