6 қазан - Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

Бұл мереке 2016 жылдан бері жыл сайын аталып өтеді

Бүгін - елімізде Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні. Бұл мереке 2016 жылдан бері жыл сайын аталып өтеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Тарихқа жүгінсек, Қазақ­станда қорғаныс өнеркәсібі кеңестік кезеңде құрылған. Рес­публика аумағында қарулы күштердің көптеген саласына қарулар мен түрлі жабдықтар дайындайтын қорғаныс өнер­кәсібіне қарасты 50 шақты кәсіп­орын орналасқан болатын. Аталған саланың ірі орталықтары Алматы, Петро­павл, Орал және Өскемен қалаларында шоғырланды. Мұнан бөлек, Семей жеріндегі сынақ алаңы мен бірқатар комбинаттар ядролық қару өндірісінде маңызды орын алды. Ал Қызылорда облысында әлемдегі ең алғашқы ғарыш кешені – Байқоңыр айлағы орналасты.

Бүгінде еліміздің қорға­ныстық-өнеркәсіптік кешеніне 40-тан астам кәсіпорын кіреді. Еліміздің қорғаныс өнеркәсібін дамытудағы басым бағыт – 3D секілді жаңа технологияларды, ақпараттық технологиялар мен композиттік материалдарды пайдалана отырып, жоғары технологиялық әскери техника мен қару түрлерін шығару және енгізу.

Қазақстанның қорғаныс­тық-өнеркәсіптік кешеніне қарасты кәсіпорындар жыл сайын халықаралық «Армия» форумына қатысып, экспорттық потен­циалға ие өнімдерін – қарулар мен әскери техниканың жаңа түрлерін таныстырып келеді. Мәселен осыған дейін өткен форумдардың бірінде еліміздің кәсіпорындары жүздеген жаңа үлгінің тұсау­кесерін жасады. Мысалға, «КАЭ» ЖШС-ға қарасты электрон­ды-оптикалық өнім­дер шығаратын зауыт тепло­визиялық приборлар мен радиобайланыс құралдарына арналған инфрақызыл линзалар апарса, Киров атындағы зауыт полигонға арналған универсалды қондырғылардың жаңа түрлерін, «Семей инжиниринг» кәсіпорны Т-72 танкі және БМП мен БТР-80 техникалары базасына орнатылған танктерге қарсы қолданылатын модернизацияланған және кон­вер­сиялық техникалар, сондай-ақ жөндеу-эвакуа­ция­лық және барлау-бақылау машиналары макеттерін ұсынды. Ал «Тыныс» АҚ авиация өндірісіне арналған жабдықтар мен жаяу әскерлерге арналған бронжилет, шлем, қорғаныс плиталары секілді өнімдерді көрсетті.

Қорғаныс өнеркәсібі кешені көптеген мемлекеттерде экономиканың локомотиві саналады. Бұл сала дамыса жалпы мемлекеттің дамуына, оның қауіпсіздігі мен халықаралық қоғамдастық алдындағы беделіне айтарлықтай әсер етеді. Осы саладағы кәсіпорындардың басын қосатын «Қазақстан инжиниринг» холдингінің орны ерекше екенін айта кеткен жөн.

Sarbaz.kz редакциясы қорғаныс өнеркәсібі саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлерді, еңбегі сіңген ардагерлерді кәсіби мерекемен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, жаңа бастамалар, тың идеялар тілейді!

__Последние новости

  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

Бүгін, 10:27
Админ
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03