Франция 2024 жылы өтетін Олимпиадаға қалай дайындалып жатыр?

Францияда қандаланы жою науқаны басталды

Нұрдәулет Кәкіш

Француз билігі қандаламен күрес науқанын бастады. Бұл мәселе ел астанасы Парижде келер жылы Олимпиада ойындары өтетіндіктен, көпшіліктің ерекше назарын аудартып отыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Аljazeera агенттігіне сілтеме жасап. 

Жақында тұрғын үй-жайлардан бастап кинотеатрларға дейінгі әртүрлі жерлерде қандалалар бар екені анықталды. Сондай-ақ француз ақпарат құралдары көліктерде, соның ішінде әуежайларда да қандалалар бар деп хабарлады. 

«Франция 2024 жылы олимпиада мен оаралимпиада ойындарын өткізуге дайындалып жатыр. Сондықтан мемлекет бұл күрделі мәселеге қарсы іс-қимыл жоспарын шұғыл түрде жасауы керек», - деп мәлімдеді Париж мэрінің орынбасары Эммануэль Грегуар премьер-министр Элизабет Борнға жазған хатында. 

Franceinfo хабарламасына сәйкес, Грегуар сонымен қатар тұрғын үй сақтандыру компанияларын сақтандыруға қандаланы да қосуға шақырды. Ал көліктегі жағдай жөнінде жауапты министрлік бұл мәселені шешу үшін арнайы шаралар қабылдайтынын мәлім етті. 

Ел тұрғындары бұл мәселеге көбірек алаңдаушылық білдіруде. Францияда қандаламен күрес науқаны үш жыл бұрын басталған. Алайда 2024 жылы Парижде олимпиада ойындары өтуіне байланысты қазір бұл мәселе анағұрлым маңызды әрі өзекті болып тұр. 

Бұл жолғы олимпиадаға ресейліктердің қатысу-қатыспау мәселесі әлі де қарастырылып жатқан көрінеді. Егер ресейліктер 2024 жылғы олимпиадаға қатысуға рұқсат алған жағдайда Украина мен тағы 34 ел Париж олимпиадасына бойкот жариялауға дайын екендіктерін мәлімдеген.

__Последние новости

  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

Кеше, 15:28
Админ
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13
  • Басты назарда

ИДЕЯНЫ ІСКЕ АСЫРУДА ІРКІЛІС БОЛМАЙДЫ

29/05/2025 - 16:08
  • Басты назарда

БАҒЫТ-БАҒДАРЫМЫЗ БАЯНДАЛДЫ

29/05/2025 - 09:06
  • Басты назарда

ЖҮРЕКТІ ЖЫЛЫТҚАН ЖҮЗДЕСУ

29/05/2025 - 09:03
  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03