Ақмола горнизонында армиялық тактикалық атыс бойынша дайындық өтті

Жабық үй-жайда екі металл нысананы автоматтан ату жарысы өтті

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының бастамасымен ұйымдастырылған армиялық тактикалық атыстан нұсқаушылар мен әскери қызметшілерді даярлау курсы 68665 әскери бөлімінің базасында өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Бұл армиялық тактикалық атыстан өткізіліп отырған екінші курс. Алғашқы курс биылғы жылдың тамыз айында Алматыда өткен болатын. Осы жолы Ақмола гарнизонының әртүрлі бөлімшелерінен барлығы 35 адам оқудан өтті.

Бір ерекшелігі, курсқа арнайы күштердің әскери қызметшілері емес, қарапайым бөлімшелерде қызмет ететін жауынгерлердің өтуінде болып отыр. Практикалық атыстар әскери қызметшілердің қарқынды ахуал мен қиын жағдайларда ату дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Бастапқы кезеңде қатысушылар үшін нұсқаулық-теориялық сабақтар ұйымдастырылды. Онда армиялық тактикалық атыстың ерекшеліктері түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары туралы айтылды. Сондай-ақ әскери қызметшілерге қаруды қолдану бойынша нұсқаулар берілді.

– Армиялық тактикалық атыс жылдам ату дағдыларын дамытады, қалалық жерде ұрыс жүргізу іс-қимылдарының ерекшеліктері туралы түсінік береді. Бұл қазіргі жағдайда өте маңызды, сондықтан біз бұл пәнді арнайы күштердің ғана емес, басқа бөлімшелердің де әскери қызметшілері мен курсанттарды даярлау бағдарламасына енгізуді қарастырмақпыз. Келесі жылы армиялық тактикалық атыс бойынша Қарулы Күштердің чемпионатын өткізуді де жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Қорғаныс министрлігі Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуов.

Курстың үшінші кезеңі жабық үй-жайдағы тир мен полигонда автомат пен тапаншадан атудан жарыс форматында ұйымдастырылды. Ептілікті, сондай-ақ жылдамдық пен дәлдікті қолдануды қажет ететін екі түрлі тактикалық жаттығулар орындалды.
Полигонда өткен пистолеттен ату жаттығуында әскери қызметші 15 метр қашықтықтағы 6 металл нысанаға дәл тигізу керек. Содан соң 70 метр қашықтықтағы дәл сондай 4 нысананы автоматтан атуды орындайды.

Жабық үй-жайда екі металл нысананы автоматтан ату жарысы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша аға лейтенант Жанель Серікбаева әйелдер арасында үздік деп танылды. Екінші орында – сержант Диана Харченко. Ал үздік үштікті аға сержант Ольга Важнина қорытындылады. Бұл әскери қызметшілердің бәрі ҚР ҚМ Спорт комитеті – Орталық спорт клубында қызмет етеді.

Ерлер арасында бірінші орынды Әскери полиция бас басқармасының офицері капитан Сұлтан Баймұханбетов иеленді. Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының 2-сыныпты сержанты Тимур Иманалов екінші, 87962 әскери бөлімінің офицері капитан Исатай Айтмағанбетов үшінші орындарды иеленді.

Курсқа қатысушылардың барлығы Қорғаныс министрі атынан атаулы сертификаттармен марапатталды. Құжат оның иесіне өзінің бөлімшелерінде армиялық тактикалық атысты үйрете алатын нұсқаушы мәртебесін береді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39