NASA ғарыш агенттігінде қызмет еткен тұңғыш қазақ кім?

Нұрдәулет Кәкіш

Америкадағы NASA ғарыш агенттігінде қызмет еткен тұңғыш қазақтың кім екенін білесіз бе? Ол – АҚШ-та қазақ қауымдастығын құрған азаматтардың бірі, Абай облысы Үржар ауданы Қарақол орта мектебінің түлегі Дархан Нұрмағамбет. Дархан Нұрмағамбет NASA-да ғарыш стансаларын автоматтандыру саласында 12 жыл қызмет еткен, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол «Союз», «Кейп-Канаверал» жобаларына қатысқан. «Шаттл» ғарыш кемесінің ұшырылуына қатысып, Байқоңырға бірнеше мәрте келген. Еуропалық ғарыш агенттігінен де тәжірибе алған.

Америкаға алғаш 2002 жылы қоныс аударған Дархан Нұрмағамбет алдымен швейцариялық компанияда қызмет етіп, кейін аэронавтика басқармасына ауысқан.

Журналист Берікхан Тайжігіттің мәліметінше, Дархан Нұрмағамбет Қазақстаннан АҚШ-тың Вирджиния штатына қоныс аударысымен, қазақ қауымдастығын құрған. Зайыбы Аяулым – Абай ауданынан. Екі қызы бар. Аяулым алдымен «Оракл» компаниясында директор болып, кейін өнер саласына ауысып, «Балауса» хорын құрған.

«Дархан Нұрмағамбет 1966 жылы Аягөз ауданы Бидайық ауылында дүниеге келген. Әкесі Дәменнің қызмет бабымен Алматы облысы Мыңбаев елдімекеніне қоныс аударуына байланысты мектеп табалдырығын сол жерден аттайды. Кейін Шар ауданында білімін жалғастырып, 1983 жылы Қарақол орта мектебін тәмамдаған», - деп жазады Берікхан Тайжігіт «Дидар» газетіндегі мақаласында.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАНЫҢ ШЕБЕР МАМАНЫ

Кеше, 10:52
Админ
  • Басты назарда

Бірлестіктің төрағасы сайланды

11/06/2025 - 07:48
  • Басты назарда

ЖЫР-ТАРТУ: ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ

08/06/2025 - 15:28
  • Басты назарда

Ұйыған отбасы – мықты әскердің негізі

07/06/2025 - 14:28
  • Басты назарда

«Фараби әлемінің» жеңімпаздары

06/06/2025 - 10:27
  • Басты назарда

СЕМЕЙ САРБАЗДАРЫ ТАНКІГЕ ҚАРСЫ ТҰРДЫ

04/06/2025 - 16:23
  • Басты назарда

Әскери міндеттілер ант қабылдады

04/06/2025 - 10:22
  • Басты назарда

Ашық есік күні ұйымдастырылды

03/06/2025 - 16:21
  • Басты назарда

Дұрыс жүру – денсаулық кепілі

03/06/2025 - 10:20
  • Басты назарда

Ерекше сәттерімен есте қалған форум

02/06/2025 - 16:18
  • Басты назарда

Балаларды қорғау күніне арналды

02/06/2025 - 16:00
  • Басты назарда

Батыр атындағы көше барынша тазаланды

01/06/2025 - 10:13