«Қазақстан Ресейден алшақтап барады»: Тоқаев ресейлік саясаткерлердің сынына жауап берді

Ол Ресей мен Украина арасындағы кикілжіңді бейбіт жолмен шешуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапары барысында ҚазАқпараттың Берлиндегі меншікті тілшісіне қазіргі саяси жағдайларға қатысты эксклюзивті пікір білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

– Кейбір ресейлік БАҚ пен саяси қайраткерлер Германияға ресми сапарыңыз барысында Берлинде өткен баспасөз мәслихатындағы мәлімдемелеріңізге сын айтты. Олар Қазақстан Ресеймен ынтымақтастықтан алшақтап, Батыспен жақын байланыс орнатып жатыр деп отыр. Мұндай айыптауға не айтар едіңіз?

– Қазақстан «антиресейлік» емес, біз әлемде ең ұзын шекара біріктіріп отырған Ресеймен жан-жақты ынтымақтастық бағытын берік ұстанып келеміз. Сол баспасөз мәслихатында айтқанымдай, бізде әртүрлі салаларда, соның ішінде сауда және гуманитарлық байланыстардағы ынтымақтастықтың ежелден қалыптасқан дәстүрі бар. Санкцияларға келетін болсақ, БҰҰ Бас Ассамблеясының жақында өткен сессиясында және басқа да сөйлеген сөзімде санкциялық текетірес жаһандық дағдарыстың шиеленісуі жағдайында эрозияға ұшыраған халықаралық қатынастарды жақсарту тұрғысынан мүлдем кері нәтиже беретінін атап өттім.

Қазақстанда санкциялық шектеулерге жататын тауарлар жоқ. Қазақстан сондай-ақ Ресейге параллель деп аталатын импортқа қатыспайды. Дәстүрлі тауарлар саудасына келер болсақ, ол өсіп, өткен жылы Қазақстан – Ресей тауар айналымының көлемі 25 млрд долларға жетті.

Жақында Астанада «Иннопром» көрмесі сәтті өтті. Оған премьер-министр Михаил Мишустин бастаған ресейлік делегация келді. Бұл ретте Қазақстан санкциялық шектеулерді ескеруге мәжбүр және бұл мәселе бойынша тиісті халықаралық ұйымдармен байланыста.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, мен дипломаттарды Ресей мен Украина арасындағы бейбітшілік туралы келіссөздер үшін өзара қолайлы негіз табуға назар аудартқым келеді. Бұл өте маңызды. Өйткені әлем адамзаттың көпшілігі үшін салдары апатты болатын және өлімге әкелетін қақтығыстың қауіпті нүктесіне жақындады.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22