Үндістан елінің атауы Бхарат деп өзгертілуі мүмкін

Бхарат – Үндістанның хинди тіліндегі ресми атауы, оның тарихы әйгілі үнді эпосы «Махабхаратта» сипатталған

Нұрдәулет Кәкіш

Елдің халықаралық атауы Үндістан Республикасы Бхарат болып өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Sarbaz.kz үнділік Times Now басылымына сілтеме жасап.

Үндістан бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, премьер-министр Нарендра Моди бастаған Үндістан үкіметі 18-22 қыркүйек күндері өтетін парламенттің арнайы сессиясында елдің атын Бхарат деп өзгерту туралы қаулы шығаруы мүмкін.

G20 елдерінің басшыларына Үндістан президентінің атынан ресми кешкі асқа шақырулар жіберілген және бұл ақпарат ішінара расталған. Саммит қыркүйек айының басында Нью-Делиде өтеді. Парламенттегі Үндістанның атын өзгертуді жақтаушылар, осылайша мемлекеттің атын ауыстыру арқылы елдің отаршылдық өткенінен құтылады деп санайды.

Жақтаушылар тарапы «Бхаратты» елдің атауы ретінде қарастыру Үндістанның қолданыстағы Конституциясында кездесетінін алға тартады. Олардың үндеуінде:

«Үндістан Бхаратпен бірдей, мемлекеттер одағы ретінде құрылған» делінген.

Бхарат – Үндістанның хинди тіліндегі ресми атауы. Ол ежелгі үнді патшасы Бхараттың санскрит атауынан шыққан. Оның тарихы әйгілі үнді эпосы «Махабхаратта» сипатталған.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02