Украинаға көмек: Еуропа одағы 2027 жылға дейін 20 млрд еуро бөлуді жоспарлап отыр

ЕО-ның құрамындағы 27 елдің сыртқы істер министрлері алдағы отырыста Украина үшін қор құру мәселесін талқылайды

Еуропа одағы Киевке 2024-2027 жылдары жылына €5 млрд көлемінде әскери көмек қорын құруға ниет білдірді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Еуроодақ Украинаға әскери жағынан жәрдемдесу қорын 2024-2027 жылдарға жылына €5 млрд көлемінде құруға ниетті. Бұл туралы Толедо қаласында қауымдастық елдері қорғаныс министрлерінің бейресми отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында ЕО дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.

«Мен 2024 жылдан 2027 жылға дейін еуропалық бейбітшілік қоры аясында жұмыс істейтін қор құруды ұсындым. Бұл Украинаны қолдаудың негізгі элементі болуы керек. Қор аясында біз жыл сайын €5 млрд бөлеміз», - деді ол.

Боррелдің айтуынша, ЕО-ның құрамындағы 27 елдің сыртқы істер министрлері алдағы отырыста Украина үшін қор құру мәселесін талқылайды.

«Келісім мүмкіндігінше тезірек жасалады деп үміттенемін, жыл соңына дейін жасалғаны жөн», - деп қосты ол.

Ол алдағы 4 жылда 20 млрд еуроға қару-жарақ жеткізуді және әскери дайындықты қамтиды деп болжанып отыр. Бұл жоспар еуропалық бейбітшілік қоры арқылы жүзеге асырылады. Осы қордан түскен қаражат ЕО елдерінің Киевке қару-жарақ, оқ-дәрілер мен әскери техникаға арналған қосалқы бөлшектер сатып алуға, сондай-ақ кадрлар даярлауға жұмсалатын шығындарын ішінара жабуға жұмсалатын болады.ф

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19