Түркия мен БҰҰ арасындағы шиеленіс: Солтүстік Кипрге қатысты мәлімдеме жасалды

Бұл туралы Түркия Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
 

Нұрдәулет Кәкіш

Түркия Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбітшілік күштерінің Солтүстік Кипр Түрік Республикасының егемендік алаңындағы аумақта салынған Пиле-Йиғитлер тас жолы жобасы құрылысына жасаған кедергісін айыптады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі TRT-ға сілтеме жасап.

Түркия Сыртқы істер министрлігі СКТР жерінде Пиле-Йиғитлер тас жолы жобасы құрылысына БҰҰ-ның кедергі жасауына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады. 

«Солтүстік Кипр Түрік Республикасы егемендік аумағында салынып жатқан Пиле-Йиғитлер тас жолы жобасы құрылысына Біріккен Ұлттар Ұйымы Бейбітшілік күштері сарбаздарының жасаған физикалық кедергісін қабылдамаймыз және қатаң түрде айыптаймыз», - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар мәлімдемеде БҰҰ Бейбітшілік күштерінің «бейбіт» ортада салына бастаған Пиле-Йиғитлер тас жолы жобасы құрылысы аясында шиеленісті арттырған тарап екені және оқиға орнында өзін құрбан сияқты көрсетуге тырысқаны аталған. 

«БҰҰ Бейбітшілік күшінен аралдағы гуманитарлық қажеттіліктерді шешуге үлес қосуын күткен едік. Соған қарамастан БҰҰ-ның Кипр Понти әкімшілігінің аралық аймақта жылдар бойы жасаған заңсыз ұстанымын байқаусыз қалдырып, кипрлік түріктердің заңды гуманитарлық қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуіне тосқауыл қоюы мүлдем түсініксіз. Бұл жағдай БҰҰ-ның аралдағы тараптарға тең қарап, дауды оңынан шешу сияқты негізгі міндеттері мен ережелерін орындамайтындығын анық көрсетіп отыр», - деді Түркия Сыртқы істер министрлігі.
 

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22