Еуроодақ бұғатталған ресейлік активтерді Украинаға жазға қарай беруі мүмкін

Бастапқыда Украинаға 2-3 миллиард еуро беру жоспарланған

Украина шілде айында Еуропада бұғатталған ресейлік шоттардан алғашқы төлемдерді ала алады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Бұл Еуропалық Одақ басшылығы осы шешімді келіскен жағдайда орындалуы мүмкін. Украинада Ресейдің әскери операциясы басталғаннан бері Бельгияның Euroclear депозитарийінде шамамен 190 миллиард еуро бұғатталды. Онда батыста бұғатталған ресейлік активтердің негізгі бөлігі орналасқан.

Алғашқы төлемдер пайыздық мөлшерлемелерге байланысты 2-3 миллиард еуроны құрауы мүмкін. Бұл процесс жылына бірнеше рет жүргізіледі деп жоспарлануда.

Басылымның хабарлауынша, ЕО басшылығы наурыз айының ортасына жоспарланған көшбасшылар саммиті басталғанға дейін Еуропалық Одақ мүшелеріне төлемдер туралы ұсыныс жасайды.

Бұған дейін G7 басшылары Ресейдің бұғатталған активтері Украинаны соғыстан кейінгі қалпына келтіруге бағытталуы мүмкін деген жоспар құрған болатын. Алайда Бельгия депозитарийінің басшысы Euroclear Ресейдің бұған төзе алмайтынын және ЕО-ны қаражатты тәркіледі деп айыптап, сотқа шағымдануға толық құқығы бар екенін айтты.

Ресей СІМ ЕО-ның әрекеттерін халықаралық құқықты бұзатын «экономикалық қарақшылық» деп атап, ресейлік активтерді Украинаның пайдасына жұмсау жоспарларына қатаң түрде жауап болатынына уәде берді.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30