Қытай Украина мен Ресейді татуластырмақ па?

Қытай делегациясы Киевке барды. Сапар барысында Украинадағы қауіпсіздік жағдайы мен «бейбітшілік формуласы» талқыланды

Админ

Киевте Қытайдың Еуразия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй бастап келген қытай делегациясы мен Украина үкіметінің шенеуніктері арасында кездесуі өтті, деп хабарлайды dw.com сайты.

Тараптар Украинадағы қауіпсіздік жағдайын, майдандағы жағдайды, Украина ұсынған «бейбітшілік формуласын» және сондағы Қытайдың көмегін талқылады. 

Бұл Ли Хуйдің Украинаға екінші рет келуі. Бұған дейін ол Ресей мен ЕуроОдақ елдеріне көптеген сапарлармен барған. 2023 жылдың сәуірінде ол Ресей-Украина қақтығысын реттеу жөніндегі қытай делегациясының басшысы болып тағайындалды.

Біз Қытаймен серіктестікті бағалаймыз және бүгінгі келіссөздер біздің қарым-қатынасымызды тереңдетуге және нығайтуға тағы бір қадам болады деп үміттенеміз, - деді Украина Президенті Кеңсесінің басшысы Андрей Ермак.

Сонымен қатар Қытай делегациясына Украина аумағындағы шабуылдар үшін қолданылған КХДР өндірген ресейлік зымыран элементтері көрсетілді.

Еске салсақ, 2022 жылдың қыркүйегінде Украина президенті Владимир Зеленский Индонезиядағы Балидегі G20 көшбасшылар саммиті кезінде 10 тармақтан тұратын Украина мен Ресей арасындағы бейбітшілік туралы өзінің көзқарасын ұсынды. Олардың ішінде Украинаның ядролық, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барлық тұтқындар мен жер аударылғандарды босату, Ресей әскерлерін шығару және соғысты тоқтату сияқты тармақтар бар.

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Зеленскийдің формуласын «іске аспайтын» деп атады. Ал АҚШ президенті Джо Байден мен Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц, керісінше, формуланы барынша қолдады.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02