Израиль соғыстан кейінгі Газа секторына арналған жоспарын ұсынды

Жоспарға сәйкес, Израиль белгісіз мерзімге қауіпсіздікті бақылайды, ал аумақты Израильге дұшпандық топтармен байланысы жоқ палестиналықтар басқарады

Админ

Израильдің басты одақтасы АҚШ Газаны соғыстан кейін батыс жағалауда орналасқан Палестина әкімшілігі (ПА) басқарғанын қалайды, деп хабарлайды ВВС.

Бірақ Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху министрлерге ұсынған кішігірім құжатта Палестина әкімшілігі туралы сөз жоқ.

Нетаньяхудың айтуынша, Газа секторын "демилитаризацилау" керек, яғни Израиль қоғамдық тәртіпті сақтау үшін барлық әскери әлеуетті жоюмен айналысады.

Сондай-ақ, жер астында да, жер үстінде де контрабанданың алдын алу үшін Египетпен Газа арасындағы шекараны жабу қарастырылған.

Барлық діни, білім беру және әлеуметтік мекемелерде "дерадикализация" бағдарламалары өткізілетін болады. 

Осы жоспарға сәйкес Израиль Иорданияның батысындағы бүкіл аумақтың қауіпсіздігін құрлықтан, теңізден және әуеден бақылайды.

Палестина әкімшілігінің президенті Махмуд Аббастың өкілі Нетаньяхудың жоспары “орындалмайтын арман” деп мәлімдеді.

Егер әлем аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге шын жүректен мүдделі болса, ол Израильдің Палестина жерін басып алуын тоқтатып, тәуелсіз Палестина мемлекетін мойындауы керек, - деді Набіл Әбу Рудейне.

Өз кезегінде Нетаньяху батыс елдерінің Палестина мемлекетінің тәуелсіздігін біржақты мойындауына тағы да қарсылық білдірді.

Сонымен қатар уақытша атысты тоқтатып, израильдік азаматтарды кепілден босатуға бағытталған келіссөздер көп ұзамай Парижде талқыланады деп күтілуде.

АҚШ екі аптадан кейін мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы басталғанға дейін келісім жасалғанын қалайды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39