АҚШ Грекияда жаңа әскери базалар ашуды жоспарлап отыр

Грекия мен АҚШ 2019 жылдың қазан айында 1990 жылы жасалған өзара қорғаныс ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізген

АҚШ Конгрессінің өкілдер палатасы грек аралдарында америкалық әскери базаларын ашу мәселесін қарастырып жатыр. Олар қорғаныс бюджеті туралы заң жобасына (NDAA) түзетулерді қабылдады. Бұл туралы грек газеті Parapolitika жазды деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі ЕAdaily сайтына сілтеме жасап.

Түзетуде Қорғаныс министрі мен Мемлекеттік хатшыны аралдарға ерекше назар аудара отырып, Грекиядағы АҚШ әскери қатысуын кеңейту үшін бар мүмкіндікті бірлесіп зерттеуге шақырады, деп атап өтті басылым. Сенат өз заң жобасына дауыс берді, енді екі заң шығарушы орган президент Джо Байденге жіберілетін соңғы мәтінді қалыптастыру үшін келіссөздер жүргізуде.

Өкілдер палатасының түзетуіне сәйкес есеп соңғы заң жобасына (NDAA) қол қойылғаннан кейін екі ай ішінде берілуі керек. Оның ішінде АҚШ-тың Грек Республикасында қосымша базалар құру немесе әсіресе грек аралдарында әскери қатысуын кеңейту мүмкіндігін талдау, жаңартылған келісім бойынша Америка Құрама Штаттары мен Грекияның өзара қорғаныс ынтымақтастығы туралы келісімде (MDCA) Америка Құрама Штаттарына берілген негізгі құқықтардың сипаттамасы, АҚШ қызметі мен MDCA құрамына кіретін базаларға инвестициялардың сипаттамасы, 2021 жылғы АҚШ-грек қорғаныс және парламентаралық серіктестік туралы заңнамалық актісінің талаптарына сәйкес қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жағдайын бағалау қоса берілу қажет.

Грекия мен АҚШ 2019 жылдың қазан айында 1990 жылы жасалған өзара қорғаныс ынтымақтастығы туралы келісімге өзгерістер енгізген. Құжатта Крит аралындағы Суда шығанағындағы АҚШ Әскери-теңіз базасын кеңейту, Лариса қаласының маңындағы әскери-әуе базасын, Стефановикиодағы авиация базасын және Грекияның солтүстік-шығысындағы Александруполис портын пайдалану туралы айтылады. Сондай-ақ оның келісімімен Грекия аумағындағы кез-келген басқа әскери нысанды пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

2021 жылдың 14 қазанында Америка Құрама Штаттары мен Грекия Вашингтонда Қорғаныс келісіміне өзгерістер енгізу туралы екінші хаттамаға қол қойған. Келісімдерге сәйкес, АҚШ-тың төрт әскери базасының тізіміне төрт жаңа қондырғы қосылды. Бұл Александруполистегі Яннули әскери лагері, Крит Әскери-теңіз базасы, Литохородағы атыс алаңы және Георгул лагері. Соңғы айларда Александруполис порты арқылы Болгария мен Румынияға, сондай-ақ Украинаға теміржолдар мен автомобиль жолдары арқылы америкалық әскери техникалар жіберілді.

__Последние новости

  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Бүгін, 12:54
Админ
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

Кеше, 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39
  • Басты назарда

Қабілетіне қанат бітірген азамат

14/11/2024 - 14:22