Нетаньяху тәуелсіз Палестина мемлекеті болмайтынын мәлемдеді

Ол Газа секторның болашағына қатысты пікірін білдірді

Админ

Израиль Премьер-министрі өз елінің қауіпсіздігіне қатысты ешқандай келісімге келмейтінін мәлімдеді. Ол ХАМАС жойылғаннан кейін Газа секторы Израильдің бақылауында болатынын атап өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап. 

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху АҚШ президенті Джо Байденнің жоспарымен келіспейтінін айтты. Ал Байденнің айтуынша, екі тәуелсіз мемлекет, яғни Израиль мен Палестина болған кезде Таяу Шығыста қақтығыстар тоқтап, жағдай реттеледі.

Мен Иордан өзенінің батысындағы бүкіл аумақ бойынша келісімге келмеймін.  Израильдің қауіпсіздігі үшін бұл жер біздің толық бақылауда болуы керек, ал бұл Палестина мемлекетінің құрылуына қайшы келеді, - деп мәлімдеді ол.

Бұған дейін Байден Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, Израиль премьер-министрімен екі мемлекеттің қатар өмір сүру принципі негізінде реттеу туралы сөйлескенін мәлімдеген болатын.

Байденнің айтуынша, келісімге келу әбден мүмкін, өйткені «екі тәуелсіз мемлекеттің қатар өмір сүру принципіне негізделген шешімдердің көптеген түрлері бар».

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02