Украинаға жасалған кезекті зымыран шабуылы: 18 қанатты зымыран атып түсірілді

Ресей барлығы 59 әртүрлі оқ-дәрі ұшырды

Ануар Маратов

Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы Валерий Залужный 8 қаңтарда Ресей Федерациясының атып түсірілген зымырандар мен дрондар есебін жариялады: 18 қанатты зымыран мен 8 шабуыл дроны жойылды, деп Sarbaz.kz тілшісі УНИАН-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Жалпы, Ресей Федерациясы Украинаға жасалған әуе шабуылы аясында 59 шабуыл құралын қолданды: Ресей арсеналында қанатты, авиациялық, баллистикалық, зениттік басқарылатын зымырандар мен шабуыл дрондары болды, деп нақтылады ол.

Украинаға соққы беру үшін Ресей Федерациясы мынадай техникаларды қолданды:

8 «Shahed-136/131» типті шабуыл дрондары; 7 С-300/С-400 зениттік басқарылатын зымыран; 4 Х-47М2 «Кинжал» аэробаллистикалық зымырандары; 24 Х-101/Х-555/Х-55 қанатты зымырандары; 8 X-22 қанатты зымыраны; 6 «Искандер-М» баллистикалық зымыраны; 2 Х-31П авиациялық зымыраны.

Әуе қорғанысы күштері аспанда 8 «Shahed-136/131» шабуыл дрондарын және 18 Х-101/Х-555/Х-55 қанатты зымырандарын жойды, деп атап өтті Залужный.

Шабуыл кезінде Ресей Украинаның маңызды, азаматтық, өнеркәсіптік инфрақұрылым нысандарына соққы берді, сондай-ақ әскери нысандарға шабуыл жасады.

Ресей Федерациясының баллистикалық зымырандары 4 аймаққа бағытталды: Харьков, Днепропетровск, Запорожье және Хмельницкий облыстарына, деп атап өтті Залужный.

Өз тарапынан Украинаның әуе күштері акценттеді:

«Атып түсіре алмаған жаудың барлық зымыраны өз нысаналарына тиді», - делінген хабарламада.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19