«Таулы Қарабақ республикасы» ресми түрде өмір сүруін тоқтатты

«Таулы Қарабақ республикасы» деп аталған елдің барлық мемлекеттік мекемелері мен ұйымдары таратылды

Админ

Тиісті жарлыққа ТҚР-ның соңғы «басшысы» Самвел Шахраманян 28 қыркүйекте қол қойған еді, деп хабарлайды Sarbaz.kz dw.com сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ-ға мүше елдердің ешқайсысы мойындамаған «Таулы-Қарабақ республикасы» (Арцах) бүгіннен, яғни 1 қаңтардан бастап ресми түрде жойылды. Бұған дейін оның соңғы «басшысы» Самвел Шахраманянның 2023 жылғы 28 қыркүйектегі жарлығына сәйкес барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдары таратылды.

Шахраманянның өзі, сондай-ақ «Үкіметтің» басқа мүшелері Арменияға кетті. Сондай-ақ бұл мекеннен этникалық армяндардың басым бөлігі жаппай көшіп кетті. 

Еске сала кетейік, «Таулы Қарабақ республикасы» 1991 жылы 2 қыркүйекте Таулы-Қарабақ автономиялық облысының және оған іргелес Әзірбайжан КСР аумақтарының бір бөлігінің шекараларында жарияланды. Таулы Қарабақ төңірегіндегі қақтығыс 1991 жылдан бері тоқтаған жоқ. Бірнеше рет қарулы қақтығыстар мен толыққанды соғыс болды (1992-1994 және 2020).

Әзірбайжан 2023 жылғы 19 қыркүйекте Таулы Қарабақта конституциялық құрылымды қалпына келтіру мақсатында «жергілікті сипаттағы терроризмге қарсы іс-шаралар» өткізетінін жариялады. Келесі күні атысты тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Оның шарттарының бірі Таулы Қарабақ армиясын қарусыздандыру және армян әскерін танылмаған республикадан шығару болды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02