Жауапқа жауап: Украина мен Ресей Белгород пен Харьковты зымыранмен атқылады

Екі қалада да адам шығыны бар

Админ

Белгородты атқылаудан кейін қаза тапқандар саны 20 адамға дейін жетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz bbc.com сайтына сілтеме жасап.

"Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, Белгородта қаза тапқандар саны 20 адамға дейін өсті", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков қалаға ұшырылған зымыран соққысынан 14 адам қайтыс болғанын және олардың арасында 3 бала болғанын айтқан еді. Оның айтуынша, 108 адам жарақат алды, оның ішінде 15 бала. Сондай-ақ 5 бала мен 12 ересек адамның жағдайы ауыр.

Желіде тараған видеолардан бірнеше секундтық айырмашылықтары бар екі қатты жарылысты және олармен қатар болған көптеген кішігірім жарылыстарды естіге болады. Қирау кадрларының көп бөлігі қала орталығындағы "Белгород" әмбебап дүкенінің көп қабатты ғимаратының жанындағы жағдайды көрсетеді. 

Осыдан кейін Ресей жауап ретінде Украинаның Харьков қаласын атқылады. Қазір зардап шеккендердің саны 26-ға дейін жетті.

Харьковтың орталығын ресейлік "шахед" дрондары да бірнеше шабуылдады, деп хабарлады қала мэрі Игорь Терехов.

Полицияның мәліметінше, дрондардың бірі тұрғын үйге, екіншісі әлеуметтік инфрақұрылым ғимаратына тиген.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02