Газа секторында қаза болғандар саны 20 мыңнан асты

7 қазаннан бері Газа секторында қаза тапқан БАҚ өкілдерінің саны 100 адамға жетті

Админ

Израильдің Газа секторына соққылары салдарынан 7 қазаннан бері 20 258 адам мерт болды, тағы 53 688-і жарақат алды, деп хабарлайды Sarbaz.kz Кazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, тек кейінгі 24 сағатта палестиналық эксклавта 201 адам көз жұмды, 368 адам зардап шекті.

7 қазаннан бері Газа секторында қаза тапқан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің саны 100 адамға жетті.

Биылғы 7 қазанда палестиналық ХАМАС ұйымы Израильге қарсы операция бастады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған ракета ұшырылды, қаруланған топтар изральдік елді мекендерге басып кірді. ХАМАС бұл операция Шығыс Иерусалимде оккупацияланған Әл-Ақса мешітіне жасалған шабуылға және израильдіктердің палестиналықтарға қарсы артып келе жатқан зорлық-зомбылығына жауап екенін айтты.

Өз кезегінде Израиль ХАМАС-қа қарсы жауапты операция бастап, оның соңы Газа секторындағы халықты жаппай қыруға ұласты. 27 қазанда Израиль Газаға құрлықтағы әскерімен соққы жасауға көшті.

Бүгінде Газаның 2,3 млн тұрғыны эксклавтың толық қоршауда қалуынан азық-түлік, су, дәрі-дәрмек тапшылығынан зардап шегіп отыр. Мыңдаған ғимарат, соның ішінде ауруханалар, мешіттер мен шіркеулер зақымдалды немесе толығымен қирады.

Израильде қаза болғандар саны – 1200 адамға жуық.

ХАМАС пен Израиль арасында 24 қараша күні таңертең күшіне енген «Гуманитарлық үзілік» 1 желтоқсанда таңертең аяқталды. Бұл күндері екі тарап тұтқынға алынған ондаған адаммен алмасты.

Бітім туралы уақытша келісім аяқталысымен Израиль газаға қарсы шабуылын жалғастырды.

__Последние новости

  • Басты назарда

КЕЗДЕСУ: ҚОЛЫНАН КІТАП ТАСТАМАЙТЫН ҚОЛБАСШЫ

05/07/2025 - 08:43
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02