ХАМАС Израильмен қақтығысты бір аптаға тоқтату туралы ұсыныстан бас тартты

ХАМАС келіссөздер туралы ұсыныстарды қабылдамады

Ануар Маратов

Палестинаның ХАМАС тобы кепілге алынған адамдарды босату үшін Израильдің бір аптаға атысты тоқтату туралы ұсынысын қабылдамады, деп Sarbaz.kz тілішісі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымда айтылғандай, ХАМАС көшбасшысы Исмаил Хания Египетте Израильдік барлау өкілдерімен кездескенде кез-келген келіссөзді бастау үшін «атысты толығымен тоқтату және гуманитарлық көмекті арттыру керек» деп айтқан.

Ол сондай-ақ 100 кепілге алынған адамның орнына барлық палестиналық тұтқындарды босатуды талап етті.

Палестина шенеуніктерінің бірі «ХАМАС-тың ұстанымы өзгеріссіз қалады: олар гуманитарлық үзіліс жасағысы келмейді. ХАМАС Израильдің Газада соғысын толығымен тоқтатуын қалайды» деді.

Бір күн бұрын The Jerusalem Post газеті ақпараттандырылған дереккөздерге сілтеме жасап, Израиль Катарға жауынгерлік әрекеттерді кем дегенде бір аптаға тоқтатуға дайын екендігі туралы хабарлады деп жазды. Оның орнына Израиль ХАМАС кепілге алған 40 адамды босатуды талап етті.

Осыған дейін Израильдің әскери кабинетінде ХАМАС кепілге алған адамдарды босату туралы жаңа келісім талқыланғанын хабарлады.

The Jerusalem Post газетінің хабарлауынша, дәл осы мәселе «Моссад» Израиль барлау қызметінің басшысы Дэвид Барни мен Катар премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман әл-Танидің келіссөздерінде талқыланған.

Сонымен бірге ХАМАС «біздің халқымызға қарсы агрессия біржола тоқтамайынша» кепілге алынған адамдарды босату туралы жаңа келісім жасалмайды деген мәлімдеме таратты.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бар жақсылық – балаларға

07/11/2025 - 09:31
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Сарбаздарды шығарып салу салтанаты

04/11/2025 - 10:28
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

АЙРЫҚША ӘСЕРГЕ БӨЛЕГЕН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ

02/11/2025 - 11:19