Түркия қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің экспортын биыл 6 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр

Президент Түркияның соңғы жылдары қорғаныс өнеркәсібінде орасан зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті

Ұлас Үсенбай

Түркия 2023 жылы қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің экспортын 6 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстанбұлда өтіп жатқан IDEF-2023 16-шы халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, осы жылдың алғашқы алты айында экспорт көлемі 2 миллиард 378 миллион долларға жеткен. Ал жыл соңына дейін қорғаныс саласындағы бұл көрсеткішті 6 миллиард долларға жеткізу жоспарланып отыр.

Ердоған Түркияның көптеген кедергілерге, жасырын және ашық эмбарголарға қарамастан қорғаныс өнеркәсібінің дамуына үлкен мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Түркия қазірдің өзінде отандық технологияларды дамытуға жұмсалған күш-жігердің жемісін көруде.

Президент Түркияның соңғы жылдары қорғаныс өнеркәсібінде орасан зор табысқа қол жеткізгенін, оны әлем жұртшылығы таңданыспен қарап отырғанын атап өтті.

Сонымен қатар Түркия ұшқышсыз ұшу аппараттарын, оның ішінде шабуылдаушы ұшқышсыз ұшқыштарды өндіруде әлемдегі жетекші үш елдің біріне айналған. Бұдан бөлек өз әскери кемелерін шығаратын алғашқы 10 елдің қатарында әрі осы саладағы маңызды экспорттаушы.

«Қазір Түркияның қорғаныс өнеркәсібі 850 түрлі жобаны жүзеге асырып жатыр. Өткен жылы түрік қорғаныс өнеркәсібі экспортының көлемі 4 миллиард 400 миллион долларды құрады. Осы жылдың алғашқы 6 айында экспорт көлемі 2 миллиард 378 миллион долларға жетті. Мақсат – жыл соңына дейін экспорт көлемін 6 миллиард долларға апару», - деді Ердоған.

Айта кетейік, жақында Ердоған Парсы шығанағы елдеріне іссапармен барды. Сол кезде қорғаныс өнеркәсібі саласында республика тарихындағы ең ірі экспорттық келісімдерге қол жеткізілген.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Бүгін, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Кеше, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59