Оңтүстік Корея: КХДР тағы екі баллистикалық зымыран ұшырды

Зымырандар АҚШ-тың Annapolis атомдық сүңгуір қайығы Оңтүстік Кореяға келгеннен кейін ұшырылған

Нұрдәулет Кәкіш

Дүйсенбіде КХДР Жапон теңізіне қарай екі баллистикалық зымыран ұшырды. Бұл туралы Sarbaz.kz «Ренхап» Оңтүстік Корея қарулы күштері штаб бастықтарының Біріккен комитетіне (JCS) сілтеме жасап хабарлайды.

«Біздің әскерилер Солтүстік Корея Пхеньян маңындағы аудандардан Жапон теңізіне қарай 24 шілдеде жергілікті уақыт бойынша 23:55-те және 25 шілдеге ауған түн ортасында атқан екі баллистикалық зымыранды анықтады», - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Онда екі зымыран да теңізге құлағанға дейін шамамен 400 км ұшқаны нақтыланған.

Сондай-ақ мәлімдемеде Оңтүстік Корея әскерилері ұшырылған зымырандардың нақты түрін анықтауға тырысып жатқандығы айтылған.

Зымырандар АҚШ-тың Annapolis атомдық сүңгуір қайығы Оңтүстік Кореяға келгеннен кейін ұшырылғаны аталып өтті.

Бұған дейін америкалық атом сүңгуір қайығының тағы бірі бірнеше ондаған жылдардан кейін алғаш рет Оңтүстік Кореяға Вашингтонның осы елді қорғау жөніндегі міндеттемелерін көрсету мақсатында әкелінгенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы күндері КХДР бірнеше рет зымыран ұшырды. Сонымен, Солтүстік Корея 18 шілдеде Жапон теңізі бағытында екі баллистикалық зымыранды, ал 22 шілдеде Сары теңіз бағытында қанатты зымырандар ұшырды.

__Последние новости

  • Басты назарда

БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22/07/2025 - 12:02
Админ
  • Басты назарда

300-ден астам студент ант берді

22/07/2025 - 11:59
  • Басты назарда

Теңізде тәжірибеден өтіп жатыр

22/07/2025 - 11:25
  • Басты назарда

Әскери қалашықта балалар алаңы ашылды

17/07/2025 - 05:47
  • Басты назарда

ОТАН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ

17/07/2025 - 05:19
  • Басты назарда

Әскери бөлімге – 20 жыл

16/07/2025 - 13:04
  • Басты назарда

Жарқын жол – елге адал қызмет

08/07/2025 - 07:31
  • Басты назарда

Кәсіби және дене даярлығын шыңдауда

07/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 07:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 07:02