Грекияның бірнеше аралында табиғи өртке байланысты құтқару жұмысы жүріп жатыр

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ

Нұрдәулет Кәкіш

Грекияның Корфу, Эвбея және Родос аралдарындағы әдеттен тыс ыстықтан басталған табиғи өртке байланысты туристер мен жергілікті тұрғындарды эвакуациялау әлі де жалғасуда, деп хабарлайды Sarbaz.kz Еуропаның бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Өрт сөндіру бөлімінің мәліметінше, 24 шілдеге қараған түні Корфудан 2466 адам эвакуацияланған. Операцияға жеке кемелер мен Жағалау күзетінің кемелері қатысқан. Жеке үйлер мен қонақүйлерге өрттің залалы тимеген көрінеді. Бірнеше өрт ошағына барған Солтүстік Корфу қаласының мэрі Джоргос Махимарис өрттің шығуына адамдардың от жағуы себеп болуы мүмкін деген болжам жасады.

23 шілде күні кешкісін Грекияның төтенше жағдайлар қызметі Санта, Мегула, Порт, Палия, Перития және Синиес аралдарындағы адамдарды эвакуациялау туралы бұйрық шығарды. TUI Group туристік компаниясы клиенттерге 24-25 шілде күндері нақты бірнеше қонақүйде болуды, әуежайға жетуге тырыспауды ұсынды.

Ел билігі Эвбея аралындағы төрт оңтүстік елді мекеннің азаматтарына өрттің батысында орналасқан Каристос қаласына көшуге кеңес берді.

Kathimerini жексенбіде хабарлағандай, Грекияда ауа температурасының жаңа рекорды орнатылған. Пелопоннес түбегінің оңтүстік бөлігіндегі Йитион қаласында температура 46,4 градусқа жеткен. Елде қазір 82 өрт сөндіріліп жатыр. Оның 64-і жексенбіде басталған.

Бұған дейін Родос аралынан 19 мыңға жуық өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз. Жергілікті үкіметте бұл ел тарихындағы ең ірі операция деп аталды. 16 мың адам аралдан әуе арқылы, қалғаны теңіз арқылы шығарылды.

Грекияның туризм министрі Ольга Кевалогианни журналистерге Родос қонақүйлерінде туристерге арналған орын жоқ екенін, эвакуацияланған адамдар спорт залдарда, конференц-залдарда және тіпті жергілікті тұрғындардың жеке үйлерінде орналасқанын айтты.

Сондай-ақ ол өрт салдарынан Арал аумағының 50 пайызы зардап шекті деген пікірді жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл аймақ әлдеқайда аз, яғни Родостың жалпы аумағының шамамен 10 пайыздан 20 пайызына дейінгі жерді құрайды.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39