Әлемде тағы бір соғыс оты тұтанғалы тұр: Венесуэла мен Гайана арасында жағдай ушықты

Жағдай одан әрі шиеленісе ме?

Ануар Маратов

Венесуэла президенті Николас Мадуро 6 желтоқсан күні елдің ұлттық ассамблеясын Гайана мемлекетімен даулы Гайана-Эссекибо аумағын қорғау туралы заң қабылдауға шақырды. Бұл заң Эссекибо өзенінің батысында Венесуэланың жаңа штатын орнатады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде Бразилия қарулы күштері Венесуэла мен Гайана шекарасына қосымша күштер жіберілетіні туралы хабарлады.

Аумақтық дау. Венесуэла мен Гайана арасындағы Гайана-Эссекибо деп аталатын аумақ үшін дау XIX ғасырдан басталып, 100 жылдан астам уақытқа созылып келе жатыр. Бұл аумақ Гайананың үштен екісінен астамын құрайды, онда жалпы 800 мыңнан астам халықтың 283 мыңы тұрады.


Венесуэла – жасыл, Гаяна қызыл түспен белгіленген. Ортасында – даулы аумақ. (Wikipedia)

2023 жылдың 19 қыркүйегінде мұнай мен газ кен орындары ашылғаннан кейін Гайана шетелдің алты мұнай компаниясына Венесуэламен арадағы даулы аймақта бұрғылау жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді.

Бұған жауап ретінде Венесуэла 3 желтоқсан күні Гайана-Эссекибо аймағына деген талаптарын қолдау мақсатында референдум бастады.

Алдын ала нәтижелер бойынша, референдумға қатысқан венесуэлалықтардың басым көпшілігі (шамамен 95 %) даулы аумақты Венесуэлаға қосуға дауыс берді.

1966 жылы екі ел даудың бейбіт шешімін табу туралы Женева келісіміне қол қойды, бірақ 2018 жылы Гайана БҰҰ Халықаралық сотына талап арыз берді. Онда ол соттан 1899 жылғы төрелік шешімді заңды түрде мақұлдауын сұрайды, ал бұл елге аумақты абсолютті бақылауға мүмкіндік береді.

Бразилия шекара дауында Гайананы толық қолдайды. Бұл мемлекет қарулы қақтығысты болдырмау үшін осы елдер арасында делдал болуға тырысты. АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкілдері Гайанаға 2023 жылдың қараша айының соңында баруды жоспарлаған. Ал Гайана өз аумағына шетелдік әскери базаларды орналастыруды ұсынды. Қараша айында Бразилияның Құрлық әскерлері Венесуэланың Гайанаға басып кіруі туралы болжам жасап, екі елдің шекарасына қарай әскелерді жіберуді бастады.

Қазіргі уақытта, референдумға байланысты даулы аймақты Гайанадан күшпен бөліп алу үшін Венесуэланың қарулы күштерінің шабуылдау қаупі жоғары.

__Последние новости

  • Басты назарда

Шеберлік атыс даласында шыңдалады

22/09/2024 - 12:42
  • Басты назарда

Оқу-әскери жиыны басталды

22/09/2024 - 12:41
  • Басты назарда

Ашық есік күні

22/09/2024 - 12:40
  • Басты назарда

Әскерге шақыру жайы әңгімеленді

22/09/2024 - 12:39
  • Басты назарда

Астаналық жастар әскерге аттанды

22/09/2024 - 12:38
  • Басты назарда

Сән-салтанаты жарасқан шара

22/09/2024 - 12:37
  • Басты назарда

Атаулы күн атап өтілді

22/09/2024 - 12:35
  • Басты назарда

«Шексіз бауырластық-III» оқу-жаттығуы

22/09/2024 - 12:29
  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22