Израиль Ливанның екі журналисін өлтірді

Израиль дронының соққысы үш адамды өлтірді, олардың екеуі – журналист.

Ануар Маратов

Al-Mayadeen телеарнасының қызметкерлері – журналист Фарах Омар мен оператор Рабих Әл-Маамари Израиль шекарасынан 1,5 км қашықтықта Джиббайн ауданындағы Таир Харфа маңында әуе шабуылынан қаза тапты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Al-Mayadeen телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Соққыдан қаза тапқан үшінші адам түсірілім орнында болған журналистердің жолдасы Хусейн Акил болды. Al-Mayadeen телеарнасы Хусейн Акилдің өздерінде жұмыс істемейтінін хабарлады.

Al-Mayadeen телеарнасы бұл соққы оның түсірілім тобына әдейі жасалған деп санайды. Себебі бұл телеарна Палестинаны жақтайтыны белгілі. Al-Mayadeen желісінің директорлар кеңесінің төрағасы Гассан бен Джедду журналистер Израильдің тікелей соққысынан қаза тапқанын растады.

Al-Mayadeen телеарнасы қайтыс болған корреспондент Фарах Омар шамамен бір сағат бұрын Ливанның оңтүстігіндегі соңғы оқиғалар туралы айтып, тікелей эфирде өзінің соңғы репортажында бой көрсеткенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Газа секторындағы ХАМАС ұйымы мен Израиль арасындағы шиеленіс 7 қазан күні басталған. Осы қақтығыстан 22 қарашаға дейін кем дегенде 37 журналист қаза тапты. Олардың 29-ы – палестиналық, 4-еуі – ливандық, 4-еуі – израильдік.

__Последние новости

  • Басты назарда

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра!

02/07/2025 - 13:25
Админ
  • Басты назарда

Жас жауынгерлердің ерекше сәті

02/07/2025 - 12:51
  • Басты назарда

Отан алдындағы борышты өтейді

02/07/2025 - 12:02
  • Басты назарда

110 студент ант қабылдады

02/07/2025 - 11:54
  • Басты назарда

«Айбын-2025» жиыны басталды

25/06/2025 - 11:02
  • Басты назарда

АЙБЫН-2025» ЖИЫНЫНА БІРІНШІ БОП ЖЕТТІ

21/06/2025 - 09:33
  • Басты назарда

15 сарбаз ант қабылдады

20/06/2025 - 10:41
  • Басты назарда

АСПАН ӘЛЕМІНІҢ ТАРЛАНДАРЫ

19/06/2025 - 10:02