БҰҰ: Аптап ыстыққа климаттың өзгеруі себеп болды

Оңтүстік Еуропа бұрын-соңды болмаған ыстыққа тап болды

Әлем елдерінде ыстық ауа райының беті қайтпай тұр. Оңтүстік Еуропа өз тарихындағы ең ыстық аптаны бастан өткеріп жатыр. Аптап ыстықтан Солтүстік Азия мен Солтүстік Америка да зардап шегіп жатыр, деп хабарлайды Sarbaz.kz  Euronews сайтына сілтеме жасап.

Оңтүстік Еуропа бұрын-соңды болмаған ыстыққа тап болды. Испанияда термометр бағаны таңертең 30 Цельсий градустан асса, түсте 40-тан жоғары. Ыстықтың беті қайтпай тұрғанына бірнеше күн болды.

«Өте қиын, себебі сен өзіңді ыстықтан қорғай алмайсың. Суықта жылы жерге тығыла аласың, ал ыстықта қолыңнан ештеңе келмейді», - дейді тұрғындардың бірі.
Испанияның бірнеше өңірі экстремал температураға дайындалып отыр.

«Жаһандық температура қазір бұрынғыдан, 1980 жылдардағы Эль-Ниньоға қарағанда жоғары. Яғни, жаһандық үрдіс өсіп келе жатыр. Сол себепті, біз «бәрі дұрыс» деп айта аламыз ба – білмеймін. Күн райы бұдан кейін жыли береді», - дейді экстремал ауа райы мен климат бойынша маман Джон Нэрн.

Италия «Харон» антициклоны салдарынан метеобақылау тарихындағы ең ыстық аптаны бастап өткеріп жатыр. Аппенниннің ондаған қаласында, оның ішінде астанасы Римде жылу қаупінің қызыл дәрежесі енгізілді.

Дүниежүзілік метеорология ұйымы Еуропада жаңа температуралық рекорд тіркеді, ыстық 48,8 Цельсий градустан асады деп болжап отыр. Өте жоғары температуралар Еуропамен қатар, Солтүстік Америка және Солтүстік Азияда да тіркеліп жатыр. Токиода термометр бағаны 37 Цельсий градустан асты.

__Последние новости

  • Басты назарда

Батыр жауынгерлер ерлігіне тағзым

12/05/2025 - 10:03
Админ
  • Басты назарда

Запасқа шықты сарбаздар

05/05/2025 - 18:22
  • Басты назарда

Жас сарбаздар қатары

05/05/2025 - 14:19
  • Басты назарда

Далалық лагердегі дайындық

01/05/2025 - 13:57
  • Басты назарда

Жеңіс мерекесіне арналған турнир

30/04/2025 - 11:54
  • Басты назарда

Сөнбейді әке, шырағың!

30/04/2025 - 11:51
  • Басты назарда

Жеңіс жолын жалғастырушы

28/04/2025 - 13:50
  • Басты назарда

Ұлы Жеңіске арнау

28/04/2025 - 11:53
  • Басты назарда

Үстел ойынының жеңімпазы

28/04/2025 - 10:48
  • Басты назарда

Ұлық мерекеге арналды

27/04/2025 - 15:42
  • Басты назарда

Мен атаммен мақтанамын!

27/04/2025 - 11:52