Америкалық солдат әуежайдан түсе сала Солтүстік Кореяға қашып кетті

Ақ үй мен Пхеньян болған оқиға туралы әлі түсініктеме берген жоқ

Ұлас Үсенбай

Әскери қызметшінің мұндай әркетке бару себебі әзірге анықталған жоқ. АҚШ сарапшылары КХДР бұл оқиғаны енді өз пайдасына қолданатынын айтуда. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Еuronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол – екі ай бұрын шабуыл жасады деген айыппен тәртіптік бөлімде болған сарбаз Травис Кинг екені расталды. Сарбаз Пентагон Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы шекараны рұқсатсыз кесіп өткен. 

Солдат жұмысынан босатылу үшін АҚШ-қа оралуы керек еді, бірақ оның орнына демилитаризацияланған аймаққа экскурсияға қосылып, әуежайдан қашып кеткен.

Ақ үй мен Пхеньян болған оқиға туралы әлі түсініктеме берген жоқ.

«Экскурсияда болған біздің әскери қызметшілеріміздің бірі әскери демаркация сызығын қасақана және рұқсатсыз кесіп өтті. Біз оны КХДР-да қамауда деп санаймыз. Сондықтан біз жағдайды мұқият қадағалап, тергеу жүргізіп жатырмыз. Біз әскери қызметкердің жақын туыстарына хабарлау және осы оқиғаны шешу үшін шаралар қабылдау мақсатында жұмыс істеп жатырмыз», – деді АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин.

«Ол жай ғана айыптаудан құтылу үшін осындай әрекетке баруы мүмкін. Қазір Солтүстік Кореяда оның  жағдайы айтарлықтай қиындай түсті», — дейді Associated Press агенттігінің қызметкері Тара Копп. 

Сарапшылардың пікірінше, Солтүстік Корея ұсталған америкалық сарбазды үгіт-насихат және бопсалау мақсатында қолдана алады.

Айта кетерлігі 2018 жылы КХДР-да қамауда отырған АҚШ-тың үш азаматы босатылды. Бір жыл бұрын постерді ұрлады деп айыпталған студент Отто Уормбир үйіне ессіз күйінде оралып, қайтыс болды.
Тергеу жүргізілуде, сарбаздың уәждері әлі анықталған жоқ.

Еске салайық, сәрсенбі күні таңертең Солтүстік Корея екі баллистикалық зымыранды ұшырды. Оңтүстік Кореяда бұл ауыр арандатушылық деп аталды.

__Последние новости

  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Антыңа адал бол, жас сарбаз!

Кеше, 16:30
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ БАҒЫТТАҒАН БАСЫЛЫМ

Кеше, 15:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН ҚҰРДАС

22/12/2025 - 21:24
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРДІҢ ТӘРБИЕЛІК ҚҰРАЛЫ

21/12/2025 - 21:20
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

БАСПАСӨЗ ТАРИХТА ҚАЛАДЫ

20/12/2025 - 10:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Аталар сөзі – өсиет

19/12/2025 - 13:16
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл

18/12/2025 - 11:12
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Отанға адал қызметтің үлгісі

17/12/2025 - 15:06
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ МҰРАТЫ

16/12/2025 - 09:01
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ЖҮРЕКТЕГІ МӘҢГІЛІК АЛАУ…

17/11/2025 - 23:19
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • Басты назарда

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

Қаламды қару еткен ағаларым

13/11/2025 - 10:46
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРИ ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘҢГІМЕСІ

08/11/2025 - 10:36
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

«Жасұлан» әскери-патриоттық ойыны

07/11/2025 - 10:30