Ақ үй: АҚШ пен Иран жаңа ядролық келісімді талқыламайды

Осыған дейін Тегеран Оманның делдалдығымен америкалық тараппен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған

Нұрдәулет Кәкіш

Америкалық ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби Вашингтон Тегеранмен келіссөзде Иранда ұсталған АҚШ азаматтарын қайтарып алу әрекетіне назар аударғанын, жаңа ядролық келісім жасасу талқыланбағанын мәлімдеді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз заңсыз ұсталған америкалықтарды елге қайтаруға тырысамыз. Қазір осы іспен айналысып жатырмыз. Әзірге ешқандай мәмілеге келген жоқпыз. Иранның ядролық келісіміне қайта оралу қазіргі уақытта маңызды мәселе емес. Егер Тегеран ядролық шиеленісті азайту үшін шаралар қабылдай бастаса, бұл аймақ үшін, АҚШ үшін және Америкалық ұлттық қауіпсіздік мүдделері үшін жақсы жаңалық болады», - деді Кирби Fox News-ке берген сұхбатында.

Маусым айында ақпарат құралдары АҚШ пен Иран Тегеранда ұсталған америкалықтарды босату туралы келісімге қол жеткізуге жақын қалғанын хабарлаған болатын.

ЭФЕ агенттігі Тегеранға тыңшылық жасады деген айыппен ұсталған бірнеше АҚШ азаматының мәселесі Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын қалпына келтіру туралы келіссөздерге кедергі келтіретінін мәлім етті. Вашингтон тарапы америкалықтарды босатуды көздеп отыр. Себебі оларды негізсіз қамауда деп санайды.

Осыған дейін Тегеран Оманның делдалдығымен америкалық тараппен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын 2015 жылы Халықаралық делдалдардың «Алтылығы» (Ұлыбритания, Германия, Қытай, Ресей, АҚШ, Франция) мен Иран жасаған. Тегераннан ядролық бағдарламаны шектейтін санкцияларды алып тастауды қарастырған. Дональд Трамп президент болып тұрған кезде 2018 жылдың мамырында АҚШ Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарынан бас тартып, Иранға қарсы біржақты санкцияларды қалпына келтірген. Бұған жауап ретінде Тегеран келісім шеңберінде ядролық бағдарламаны шектеу жөніндегі міндеттемелерін кезең-кезеңімен қысқарта бастаған.

Американың қазіргі көшбасшысы Джо Байден белгілі бір жағдайларда ядролық келісімге оралуға дайын екенін мәлімдеді.

Венада Ұлыбритания, Германия, Қытай, Франция, Ресей және ЕО делдалдығымен Иран мен АҚШ арасында Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарын қалпына келтіру шарттары туралы жанама келіссөздердің бірнеше раунды өтті. Алайда көп ұзамай тараптар кідіріп қалды.

__Последние новости

  • Басты назарда

Осы күзде әскерге шақырылғандар оқуға кірісті

Бүгін, 10:56
Админ
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

Бүгін, 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

Кеше, 12:54
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59
  • Басты назарда

44841 әскери бөліміндегі Ашық есік күні

15/11/2024 - 14:28
  • Басты назарда

ЕСТЕН КЕТПЕС КЕЗДЕСУ

15/11/2024 - 13:39