«Бейбіт тұрғындарға оқ атпаймыз дегені қайда?»: Газа секторының тұрғыны Израиль әскерін айыптады

Жергілікті тұрғындар Газада жасырынатын қауіпсіз орын қалмағанын айтты

Нұрдәулет Кәкіш

Газа тұрғындары жасырынатын орын қалмағанын айтады. Израильдің зымырандарынан Газа секторындағы азық-түлік дүкендерінің көбі қирап, біраз ғимарат жермен-жексен болған. Жертөлелерді паналаған жұрт азық-түлік пен ауыз су тапшылығына тап болып отыр. Жағармай да таусылған, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Мұнда өткізген соңғы жеті сағат менің өмірімдегі ең қиын сәт болды. Израильдің жауынгерлік ұшақтары ХАМАС содырларының Израильдің оңтүстігіне бұрын-соңды болмаған шабуылына жауап ретінде тағы бір соққы жасады. Бомбалау ондаған тұрғын үйлерге, телекоммуникациялық компаниялардың кеңселеріне және Газа Ислам университетінің Студенттік ғимараттарына үлкен зиян келтірді», - деп жазды BBC тілшісі.

Оның сөзінше, қорқынышты жарылыстар бұл аймақты жексенбіден дүйсенбіге қараған түні жайпаған. Барлық жерде балалардың айқайы естіліп, ешкім түнімен көз ілмеген. Бұл түнді Рималдың ең бай және ең тыныш ауданының тұрғындары ешқашан ұмытпайды.

Таң атқан кезде соққылардың қарқыны төмендегенде сырт жаққа көз жүгірткен жергілікті тұрғындар қаланың қирағанына куә болған.

Газаның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан блоктың инфрақұрылымы қатты зақымданып, оған апаратын жолдар жойылған.

BBC тілшісі бұл жерде құдды бір жер сілкінісі болғандай әсерде болғанын жазды.

Оның мәліметінше, айналаның бәрі ғимараттардың қирандылары, сынған әйнектер, сымдардың бөліктері. Қирандының ауқымдылығы соншалықты, тіпті зәулім үйлерді тану мүмкін болмаған.

«Мен бәрін жоғалттым. Менің бес балам тұратын пәтер осы жерде болды. Үйдің төменгі жағындағы менің азық-түлік дүкенім де қирады», - деді қызы Шахдты қолына ұстаған жергілікті тұрғын Мұхаммед Әбу әл-Касс. «Біз енді қайда барамыз? Бізде енді жұмыс та, баспана да жоқ», - деп қосты ол.

«Менің үйім мен дүкенім Израильдің әскери мақсаты ма?» - деген ол «бейбіт тұрғындарға оқ атпаймыз дегені қайда?» - деп израильдік әскерилерді айыптады.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 300 адам Израильдің дүйсенбідегі әуе шабуылдарының құрбаны болды. Олардың үштен екісі – бейбіт тұрғындар.

Израиль әскерилері «ХАМАС» командирінің үйіне шабуыл жасағанын мәлімдеді. Бірақ жарылыстың салдарынан көрші үйлердегі және жақын маңдағы базарда жүрген қарапайым адамдар зардап шеккен.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мыңнан аса адам Газадағы қақтығыстың құрбанына айналды. Оның 300-ге жуығы – балалар. 4,5 мыңнан аса адам жарақат алған.

Онсыз да гуманитарлық жағдайы аса мәз емес шағын аумақтағы дағдарыс одан әрі ушығып барады.

Газаның 2,2 миллионнан аса тұрғыны Израиль үкіметі ХАМАС шабуылына жауап ретінде қоршау орнатуға және барлық тасымалдауды жабуға бұйрық бергеннен кейін бұл аймақ азық-түлік, жанармай, электр және су тапшылығына тап болды.

ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылында 1200 адам қаза тапқан. Палестиналық содырлар 150 адамды кепілге алған.

«ХХІ ғасырда біз сусыз және электр қуатынсыз өмір сүріп жатқанымызды елестете аласыз ба? Менің баламда жаялық қалмады. Тек жарты бөтелке сүт бар», - деді жергілікті тұрғын Ваад Әл-Муграби Рималдағы үйінің жанындағы қираған ғимаратқа қарап. «Менің мына балам Израильге шабуыл жасады ма?» - деп налыды ол.

Сенбіден бері алғаш рет ашылған ең үлкен Газа супермаркетінің жанында ондаған адам кішкентай қара есіктің алдында кезекте тұруға мәжбүр екенін хабарлады BBC.

Олар бұл қақтығыстың қанша уақытқа созылатынынан бейхабар. Кем дегенде бір нәрсе сатып алуға үмітті. Мұндағы жеміс-жидек пен көкөністің көп түрі оңтүстікте өсіріледі. Газадағы жанармайдың жетіспеушілігі салдарынан жеміс-жидек пен көкеністі солтүстікке тасымалдау қиынға соғып отыр.

Әзірге Газаға Египеттен азық-түлік пен басқа да қажетті тауарлар кіргізілмейді. 2007 жылы бұл жерге ХАМАС өз бақылауын орнатқан.

«Жергілікті тұрғындар да Газа мен Египет шекарасындағы Рафах шекара өткелі арқылы кете алмай отыр. Әдетте бұған дейін бұл шекара арқылы күніне 400 адамның өтуіне рұқсат етілген. Алайда дүйсенбі мен сейсенбі күндері Израиль Палестина жағындағы қақпаны бомбалағаннан кейін оның жұмысы тоқтады», - деді Газаның ішкі істер министрі.

Соғыс басталғаннан бері үйлерін тастап кеткен адамдардың көпшілігі БҰҰ-ның бақылауындағы мектептерді паналап отыр. Ондағылардың кейбірі қорыққандық сол жерге тығылса, көбісінің үйлері қирап қалды.

Газаның кейбір тұрғындары ғимараттардың жертөлелерінде жасырынып отыр. Ғимарат құлаған жағдайда олар үйінділердің астында қалу қаупі төніп тұр. Дүйсенбіге қараған түні тек бір жертөленің өзіне 30 отбасы орналастырылған.

«Алдыңғы соғыстар кезінде қаланың бұл бөлігі Израильмен шекаралас аумақтардың тұрғындары үшін қауіпсіздік аралы болды», - деді Римал тұрғыны Мұхаммед әл-Муграби.

Дүйсенбіге қараған түні жасалған Израильдің соққыларынан кейін Газадағы еш жер қауіпсіз бола алмайтынын көрсеткен.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53