«Атеист болсам да дұға жасадым»: аман қалған израильдік оқиғасымен бөлісті

Қанды қырғынның ортасында үш сағаттай болыпты

Газа секторына жақын Израиль аумағында музыкалық фестиваль өтуі тиіс болатын. Дәл осы орында ХАМАС шабуылынан кем дегенде 250 адам қаза тапты. BBC қанды қырғынның ортасынан аман қалған әйел адаммен сұхбатын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ол өз сөзінде шамамен үш сағаттай сол маңайда болғанын айтты.

«Олар бізді айналдыра қоршап алды, ағаштан ағашқа қарай жүріп, оқып атып жатты. Айналамда адамдар өліп жатты. Үлкен фургонның есігін ашып, ішінен тоқтаусыз қару-жарақ алып жатты. Бұл ауданда (ред. – қырғын болған жер) шамамен 3 сағаттай болдым. Маңайымызда ешкім болған жоқ (ред. – тәртіп сақшылары). Фестивальді күзеткен полицейлерді көргенмін. Бірақ олар бір жағында ғана болды. Ал екінші тұсында...

Әскер келіп, құтқаратынына сенімді болатынмын. Тікұшақтың дауысын естідім. Солдаттар төбеден сатымен түсіп жатқанына, бұл алаңнан бізді құтқаратынына сенімді едім. Бірақ ешкім болған жоқ. Тек террористер ғана», - дейді фестивальге қатысушы Гили Оскович.

Кейіпкердің айтуынша фестивальге құрбысымен бірге барыпты.

«Ол жерде біздің бірнеше сарбазымыз ғана болғанын түсіндім. Аз-ақ, 5-6 адам ғана болар. Мен соларға қарай бармақ болдым. Бірақ айналамызда террористер болды. Мені террор деп ойлап қалмас үшін оларға екі қолымды көтерген күйде бардым. Содан барып көлікке отырғызып, кетуімізге болатынын айтты. Осылайша мені де, өзге де аман қалғандарды оқиға орнынан алып кетті», - дейді ол.

Сөзін жалғай отырып, өзімен бірге барған құрбысы жайлы айтып өтті.

«Құрбыма бола қатты алаңдаймын. Оның қолында тату болатын. Құрбымның суретін көрсетіп едім оны ауруханаға алып кеткенін, жағдайы жақсы екенін айтты. Бірақ әлі байланысқа шыға алмай отырмын. Оның тірі екеніне де күмәнім бар. Себебі ішінен жарақат алып, қансырағанын өз көзіммен көрдім», - дейді Гили.

Өз сөзінде осындай қанды қырғынның ортасынан тірі қалғанының өзі таңғаларлық жағдай екенін тілге тиек етті.

«Қалай тірі қалғанымды білмеймін. Бұл таңғаларлық жағдай. Атеист болсам да дұға жасадым. Бұлай жасағаным ақымақтық, бірақ біз ол жерде ұзақ уақыт болдық. Құтқаратын ешкім болмады, армия да, полиция да. Сонша уақыт болсақ та тірі қалғанымыз...

Бұл – Израиль жері. Ал олар өз үйінде жүргендей емін-еркін жүрді. Бұл – үкіметке қойылатын сұрақ. Мұндай жағдай болғаны өкінішті-ақ», - дейді Гили Оскович.

__Последние новости

  • Басты назарда

Үлгілі отбасы – мәңгілік елдің тірегі

17/09/2024 - 21:24
Админ
  • Басты назарда

Абай гарнизонындағы отбасы апталығы

17/09/2024 - 21:24
  • Басты назарда

Мамандармен өткен кездесу

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

ҮЙДЕ ДЕ, ТҮЗДЕ ДЕ БІРГЕ

17/09/2024 - 21:22
  • Басты назарда

Дені сау ұрпақ – ұлт денсаулығы

17/09/2024 - 21:21
  • Басты назарда

Мерейді асырған отбасы

17/09/2024 - 21:20
  • Басты назарда

«Мектепке жол» акциясы

17/09/2024 - 21:19
  • Басты назарда

Балалардың көңілін көтерді

17/09/2024 - 21:18
  • Басты назарда

Жүйрік болсаң, озып көр

17/09/2024 - 21:14
  • Басты назарда

Әскери маман иесі – жауапты тұлға

17/09/2024 - 21:13
  • Басты назарда

Ертеңгі ел қорғаушылармен кездесті

17/09/2024 - 21:12
  • Басты назарда

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

17/09/2024 - 21:10
  • Басты назарда

Алдын алу шарасы

11/09/2024 - 23:53