Сары теңіздегі қайық апаты: 55 теңізші іздестіріліп жатыр

Бұл туралы Daily Mail хабарлады

Қытай армиясының Әскери-теңіз күштерінің сүңгуір қайығы биылғы тамызда Сары теңіздегі британиялық және америкалық кемелердің “тұзағына” түсіп қалды. Бұл туралы Daily Mail газеті Ұлыбританияның барлауына жақын дереккөздерге сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Басылымның хабарлауынша, оқиға салдарынан 55 Қытай теңізшісі қаза болуы мүмкін. Алайда ҚХР билігі сүңгуір қайықтар мен теңізшілердің өлімі туралы ақпаратты растамады.

Daily Mail дереккөздерінің мәліметінше, апат 21 тамызда Тайвань бұғазында болған. Газет сілтеме жасаған британдық барлаушылардың деректері бойынша, төтенше жағдай кезінде 55 экипаж мүшесі қаза тапты: 22 офицер, жеті курсант, тоғыз старшина және 17 матрос. Daily Mail қытай әскери суасты қайықтарының капитаны Сюэ Юн-Пэн де қаза тапқандардың қатарында екенін атап өтті.

«Біздің түсінуімізше, өлім сүңгуір қайықтағы жүйенің дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты гипоксиядан туындайды. Сүңгуір қайық Қытай Әскери-теңіз күштері АҚШ сүңгуір қайықтары мен олардың одақтастарын құрықтау үшін қолданатын кедергіге тап болды. Бұл жүйелердің бұзылуына әкелді, кемені жөндеу және жүзу үшін алты сағат қажет болды. Борттық оттегі жүйесі апатты істен шыққаннан кейін экипажды уландырды», – делінген басылымда.

Газеттің хабарлауынша, Бейжің зардап шеккен сүңгуір қайыққа халықаралық көмек сұраудан бас тартқан.
ҚХР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі У Цянь Қытай әскерінің өлімі туралы ақпаратты "абсолютті өтірік" деп атады. Ведомство бұл ақпаратты растамайды, ол сүңгуір қайықтың апатқа ұшырағанына ешқандай дәлел таба алмағанын атап өтті.

__Последние новости

  • Басты назарда

ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЫҒАЯ ТҮСЕДІ

Кеше, 10:21
  • Басты назарда

Білімі мен біліктілігі жарасқан

22/11/2024 - 10:35
  • Басты назарда

Жас сарбаздардың жағдайын білді

21/11/2024 - 12:54
  • Басты назарда

Адал болуға ант берді

21/11/2024 - 12:24
  • Басты назарда

Десантшылар ант қабылдады

20/11/2024 - 12:52
  • Басты назарда

Өлең жолдарын арнаймын

19/11/2024 - 12:51
  • Басты назарда

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

19/11/2024 - 10:16
  • Басты назарда

Шымкенттегі сарбаздарың жаңа деңгейі

18/11/2024 - 12:49
  • Басты назарда

«Жас офицерлер балында» жеңіске жетті

18/11/2024 - 10:14
  • Басты назарда

Салтанатты сапқа тұрғызылды

17/11/2024 - 12:47
  • Басты назарда

Арыстың мұражайындағы ерекше бұрыш

17/11/2024 - 10:05
  • Басты назарда

Модульді казарма ашылды

16/11/2024 - 09:59