Бекіністі жаулап алу: елімізде барлаушылар қалай дайындалады

Ұрысты ұйымдастыру – әскери істің алғашқы кезеңі

Гвардейск гарнизонының барлаушылары арнайы дене дайындығын, командалық рухын және жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындауға әзірлігін көрсетті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Әскери барлаушыларды дайындаудағы негізгі элементтердің бірі – кедергілерді еңсеру. Бұл жаттығуларда олардың төзімділігі, ептілігі мен реакция жылдамдығы дамиды.

Ұрысты ұйымдастыру – әскери істің алғашқы кезеңі. Беталды шабуыл жасамас бұрын стратегиялық тұрғыда жаудың күшін, техникалық әлеуетін анықтау керек. Аңдып басып, кез келген бағытта әрекет етуге дайын тұрар барлаушылардың мақсаты да осы. Ал оны іске асыру үшін жауынгерлер түрлі сынақтардан өтеді. Сан түрлі кедергілерден өтпес бұрын психологиялық тұрғыда дайын болуы тиіс. Себебі жергілікті жердің жағдайына қарай әрекет ету, сана-сезімнің ашықтығын талап етеді.

«Күтпеген қиындықтарға тап болған кезде біз өз командамызға сену және бірге жұмыс істей білу үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Бұл жаттығу біздің командалық жұмысымызды нығайтты және дағдыларымызды жақсартуға көмектесті», - дейді 21450 әскери бөлімінің барлаушысы, қатардағы жауынгер Ержан Өрінбаев.

Мәселен бөлімшеге бекіністі жаулап алу туралы тапсырма түсті делік. Осы ретте бір аймаққа кіру үшін шұңқырлар мен төмпешіктерді анықтап, жарылғыш құрылғыны орнатады. Бағыты тазарғаны туралы сигнал байқап, қас-қағым сәтте қарсыластың көзін жояды. Қолда қару жоқтығы да кедергі емес деп қоян-қолтық ұрыс тәсілімен алыс қашықтағы нысанаға қанжарын дөп тигізеді. Осылайша бекініс жаулап алынды, жоспар орындалды, баяндауға дайын.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13