40 күндік әскери даярлықтан өту: қойылатын талаптар

Ақылы түрде әскери дайындықтан – жасы 24-27 жас аралығындағы азаматтар, денсаулығы жарамды, әскери міндетін атқаруды кейінге шегеру құқығына ие жігіттер ғана өте алады

Админ

Түрлі себептерге байланысты әскерге бара алмай қалған азаматтар 1 жылдың бағдарламасын 40 күнде үйрететін әскери техникалық мектептен дайындықтан өтіп, әскери билет ала алады, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі.

Негізгі мақсат – Қазақстан қарулы күштеріне әскери техникалық мамандар дайындау. Ақылы түрде әскери дайындықтан – жасы 24-27 жас аралығындағы азаматтар, денсаулығы жарамды, әскери міндетін атқаруды кейінге шегеру құқығына ие жігіттер ғана өте алады. Оқу мерзімі 40-42 күн немесе 280 сағаттан тұрады.

40 күндік әскерге қабылдау ережелері:

2017 жылдың 15 маусымындағы өзгертулер бойынша азаматтың жас мөлшері 24-27 жас аралығында болуы керек; егер осы талапқа сай келсеңіз, тұрғылықты жеріңіз бойынша қорғаныс істер бөліміне арыз жазасыз; медициналық комиссиясың тексерісінен өтуге міндеттісіз; 263 318 теңге мемлекеттік ақы төленуі шарт. 40 күндік әскердің артықшылығы қандай? 10 ай 20 күнді үнемдейсіз;

егер отбасылы болсаңыз, 18:00-06:30 аралығында, аптаның барлық күнінде үйіңізге барып-қайтуыңызға мүмкіндік бар;

1 жылдық әскердің тексеріс комиссиясынан денсаулығыңызға байланысты өте алмай қалсаңыз, 40 күндік әскери даярлыққа келе аласыз. Мұндағы медициналық комиссияның тексеріс талаптары жеңілдетілген.

40 күн ішінде жауынгер не үйренеді? әскери өмірмен танысады; казармалық тәртіпке үйренеді; бекітілген уақыт аралығында 2 рет сынақ алаңында ату жаттығу жұмысынан өтеді; күнделікті әскери сабақ, дәріс тыңдайды; тактикалық, саптық, оқ ату тәжірибесінен өтеді.

__Последние новости

  • ӘСКЕР ТЫНЫСЫ

ЕЛ ӘСКЕРІНДЕГІ ЕГІЗ САРБАЗ

Бүгін, 13:55
Админ
  • САРБАЗ СӘЛЕМІ

ӘСКЕРГЕ КЕЛ, БАУЫРЫМ!

Бүгін, 13:49
  • БІЗ ДЕ САРБАЗ БОЛҒАНБЫЗ

ЕСТЕН КЕТПЕС ЕКІ ЖЫЛ

Бүгін, 13:33
  • ТАЛДАУ МЕН ТАҢДАУ

МОМЫШҰЛЫ МЕКТЕБІ

15/01/2026 - 22:52
  • БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, ҚАЗАҚ ӘСКЕРІ?

15/01/2026 - 22:25
  • ?

РЕДАКТОР

19/11/2025 - 14:21
  • ?

МІНЕ, НАҒЫЗ МАМАН!

16/11/2025 - 23:18
  • БАСТЫ НАЗАРДА

СОЛ БІР КЕЗ...

15/11/2025 - 13:13